Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Футболшылар марапатталды — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Футболшылар марапатталды

Мақтаарал ауданы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінде «Жастар Керуені» жобасы аясында футболдан турнир өтті.

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа, денешынықтыруға қызығушылықтарын арттыру, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауылдарда спорттық жарыстар ұйымдастырып отыру үрдісі қалыптасып келеді.

Бұл жолғы турнир «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Спорт-саулық негізі» атты тақырыппен кіші футболға арналды.

Турнирге 10 команда қатысты. Жарыс қорытындысына сәйкес, I жүлделі орын — «2005 жылғы жігіттер» командасына бұйырды. Ал, ІI орынға «Ардагерлер» командасы жайғасты.

III орын — «2006 жылғы жігіттер» командасына берілді.

Сонымен бірге, турнир қорытындысында «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша — Елтүзер Елдос марапатталса, «Үздік қақпашы» номинациясына  Усайын Заңғар лайықты болды.

Жеңімпаздарға турнирді ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді. Ауыл жастары арасында ұйымдастырылып тұратын мұндай сайыстардың пайдасы көп. Бос уақытты тиімді пайдаланумен қатар, ұлт саулығына-денсаулыққа мән беру, спортпен шұғылдану ауыл жастары үшін маңызды.