Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
МАҚТААРАЛДА ТАСТАЯҚШЫЛАР ТУРНИРІ ӨТТІ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

МАҚТААРАЛДА ТАСТАЯҚШЫЛАР ТУРНИРІ ӨТТІ

Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен бильярдтан ашық біріншілік болып өтті. Сайысқа 18 жастан асқан аудан жастары белсене қатысуға тырысты. Нәтижесінде бильярдқа қызығушылығы басым 32 жас жарыс жолына түсті.

Ереже талаптары қатаң сақталған бұл сайыста төрелікке арнайы бекітілген комиссия мүшелері қазылық етті.

Жарысқа Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімінің  басшысы М.Бабашев және Жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Ошантаев арнайы қатысып қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орын Ельшиев Ғабитқа бұйырды. Жүлделі 2 орынға Раушанов Санжар, 3 орынға  Бердішев Абылайхан лайықты деп танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мадақтама қағаздары мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.