Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Мақтааралдық спортшылар топ жарып жүр — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Мақтааралдық спортшылар топ жарып жүр

2024 жылдың 29 тамызы мен 9 қыркүйек күндері аралығында Біріккен Араб Әмірлігінде жастар және жасөспірімдер арасында бокстан Азия чемпионаты өткен болатын. Сол чемпионатқа Қазақстанның ұлттық құрама командасы сапында Мақтаарал ауданынан екі спортшы – Тұрлыбай Ерубай және Мұхит Айсұлу да қатысып, өнер көрсетті.

Әлемнің 26 мемлекетінен 500-ге жуық боксшы қатысқан байрақты бәскеде ауданымыздың боксшылары қарсылатарын айқын басымдықпен жеңіп, жерлестеріне зор қуаныш сыйлаған болатын. Атап айтқанда Тұрлыбай  Ерубай 80 келі салмақ дәржесінде ақтық бәсекеде өзбек елінің боксшысын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Ал, Мұхит Айсұлу аталмыш чемпионатта 66 келі салмақ дәржесінде сынға түсіп, қарсыластарына оңайлықпен берілмей, жарыс нәтижесінде қола жүлдегер атанды.
Бұл ғана емес, мақтааралдық спортшылар жеткен табысты бәсекелер көп-ақ. Соның бірі Венгрия елінің астанасы Будапешт қаласында 23 тамыз бен 1 қыркүйек күндері аралығында өткен әлем кубогы. Спорттың кикбокс түрінен  өткен сол Әлем кубогында Мақтаарал ауданының тумасы, жерлесіміз Ким Анжела Гаврошевна Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап, 44 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдеге қол жеткізді.

Бүгінде спорт және дене шынықтыруды дамыту – мемлекеттік ауқымдағы маңызды бағыт. Мықты және өмірге құштар жас ұрпақты тәрбиелеу – еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі.

Спорт – біздің өміріміздің құрамдас бөлігі және табиғи және рухани жетілудің көрсеткіші. Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт.

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аталған 3 спортшыны жаттықтырушыларымен бірге қабылдап, өзінің құттықтау тілегін жеткізіп, арнайы марапаттады.

–Ауданымыздың жаттықтырушылары мен спортшылары алдағы уақытта да еліміздің мерейін өсіріп, даңқын шығару мақсатында өздерінің шеберліктері мен күш-қуатын, тәжірибелерін аянбай жұмсарына күмәнсіз сенемін. Баршаңызға амандық, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары ұлғая берсін! — деді, Бақыт Насырханұлы.

Айта кетейік, Мақтаарал ауданында аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен бұқаралық спорт инфрақұрылымына ерекше көңіл бөлінуде. Соғыны алты жылдың ішінде ауданда Қ.Мұңайтпасов атындағы стадион, Мырзакентте Спорт сарайы және аудан аумағындағы ауылдарда 20-дан астам кіші футбол алаңшалары пайдалануға берілді.

Таяу күндері Атакент кентінде тағы бір спорт кешені ел игілігіне берілмекші. Әрине, бұл нысандар – ауданның спорт саласының дамуына оң септігін тигізері сөзсіз. Мақтаарал ауданынан әлі талай спортшыларымыз шығары, олар байрақты бәсекелерде топжаратындары анық.