Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Мақтааралда құрылыс қарқынды — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Мақтааралда құрылыс қарқынды

Мырзашөл өңірі диханшылықпен, Түркістан облысы мен Шымкент қаласын ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, бүгінгі таңда құрылыс саласында да құрыштай қайратты мамандар барын дәлелдей бастаған аймақ. Жалпы алып қарағанда аудан қазір құрылыс алаңына айналғандай. Себебі, қай тарапқа көз жүгіртсең де нақты жобалардың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл өз алдына бөлек аудан болып шыққан аудан үшін заңдылық та сияқты. Былтыр Мырзакентте 2 әкімшілік ғимаратының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді. Оның бірі — әкімшілік ғимараты болса, екіншісіне прокуратура орналасты. Мырзакент кентіндегі орталық саябақты реконструкциялау жұмыстары 2022 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен басталып, биыл аяқтау жоспарлануда екен.

Бұған дейін де айтқанымызда ауданда 26 жалға берілетін тұрғын үйдің сатып алынып, тұрмысы төмен отбасыларға берілген. Биыл да осы бағдарлама негізінде жаңа 56 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оны сатып алуға 873 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.

–«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында 2023 жылы жалпы соммасы 1,6 млрд. теңгені құрайтын 3 жоба құрылысы аяқталды. Олар – Мырзакенттегі спорт кешенінің құрылысы, Т.Жайлыбаев елді мекенінен 200 орындық мәдениет үйі және кітапхана, Абай елді мекенінен 200 орындық мәдениет үйі және кітапхана құрылысы. Өркениет елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын қыркүйек айында толық аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар Ынталы және Ж.Қалшораев елді мекенінен мәдениет үйі мен кітапхана құрылысы нысандарына аталған бағдарлама негізінде 200 млн. теңгеден жалпы 400 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, мердігер анықталды, — дейді аудан әкімі Бақыт Асанов.

Тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі де шешілген. Аудандағы жалпы 69 елді мекеннің 67-сі орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бүгінгі күнге тіршілік нәрі 54 елді мекенге тәулік бойы, 13 елді мекенге белгіленген кестемен берілуде. Ауыз су жүйелерінің тозығы жеткен 10 елді мекенде, атап айтсақ, Атакент, Жаңажол, Азаттық, Ақжол, Арайлы, Нұрлыжол, Өркениет, Игілік, Шаттық, Ақалтында қайта құру, ауыз су құбыры жоқ 2 елді мекен – Достық пен Найман Бұқарбай ауылдарына ауыз су құбырын салу қажеттілігі туындап отыр.

Өткен жылы облыстық және жергілікті бюджеттен қаралған қаржыға Иіржар, Азамат, Өркен, Көкпарсай, Алғабас, Атакенттегі (Кувакова көшесі, Шұғыла – 3 үй, Гүлістан – Темір ата көшесі, ҚазССР 40 жылдығы) ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Жаңажол және Азаттық елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Биыл жыл соңына дейін «Жантақсай», «Төрткүл», «Нұрлытаң» ауылдарының ауыз су мұнараларын ауыстыру көзделуде. Бұл орайда арнайы нақты жоспар да жасалған.

Ауданда жалпы инфрақұрылымның жағдайы жақсара түскен.

Аудан басшысы Бақыт Асановтың айтуынша газ жүйелерінің құрылыс жұмыстарына мемлекет қазынасынан өткен үш жылда 1 млрд 404 млн. теңге қаралып, «Иіржар» ауылдық округіне қарасты 9 елді мекеннің ішкі газ жүйелерінің құрылыс жұмыстары толық аяқталған. «Жаңажол» және Ж.Нұрлыбаев атындағы ауылдық округтерге қарасты, жалпы 12 елді мекенге газ құбыры тартылып қойды.

Сонымен қатар, қосымша қуаттылығы 50 мың м3/сағ. құрайтын «Мақтаарал» АГТС салу жұмысы да аяқталыпты.

Былтырғы жылы «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында 1,1 млрд. теңгеге елді мекендердің 52,4 шақырымды құрайтын 61 ішкі көшесіне асфальт төселгенін де тілге тиек ете кеткен жөн. Облыстық бюджеттен ұзындығы 1,3 шақырымды құрайтын 1 ішкі көшеге асфальт төселіп, ойын алаңшасын салу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді. Автомобиль жолдары саласын дамыту бағытында жергілікті бюджет қаржысына ұзындығы 16,9 шақырымды құрайтын елді мекендердің 19 ішкі көшелері асфальтталды. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 3,9 шақырымды құрайтын 9 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылға «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында ұзындығы 34,8 шақырымды құрайтын 38 ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде екен. Бұған қоса аудандық бюджеттен ұзындығы 10,1 шақырымды құрайтын 16 ішкі көшеге асфальт төсеу жоспарланып отыр. Жалпы биылғы жылы жалпы ұзындығы 44,9 шақырымды құрайтын 54 ішкі көшеге асфальт төселмек.

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты елді мекендерде жаңадан түскен көшелерге электр желілерін жүргізу және КТП орнату жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлініп, нысан жақын арада аяқталады. Сондай-ақ, осы жылға жергілікті бюджет есебінен «Иіржар» және А.Қалыбеков атындағы ауылдық округтеріне қарасты елді мекендердегі жаңадан түскен көшелерге электр жүйесін жүргізу жұмыстарына ЖСҚ әзірлеу жоспарланған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-не қарасты электр жүйелерін жаңарту бойынша бекітілген 2024-2027 жылғы инвестициялық бағдарламар аясында 2023 жылы 8,3 шақырымдық 10 кВт электр желісіне, 12,5 шақырымдық 0,4 кВт электр желісіне және 9 дана КТП-на қайта құру жұмыстары жүргізілді. Биыл 8,7 шақырым 10 кВт, 13,5 шақырым 0,4 кВт электр желісін тарту және 9 дана КТП-ны қайта құру жұмыстары жоспарланып отыр.

«Осы жобалар толық аяқталғанда Мақтаарал ауданында жарыққа қатысты мәселе толығымен шешімін табатын болады» дейді мамандар.