Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Құрылыс жұмыстары қатаң бақылауда

Санаулы күндерден кейін алғашқы қоңыраудың қағылады. Осыған орай барлық аудандарда жаңа және күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептердің жағдайы қатаң бақылауға алынуда. Өткен жылғы Сарыағаш ауданында орын алған келеңсіз көріністер қайталанбас үшін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудандық білім бөліміне қарасты күрделі жөндеуден өтіп жатқан А.Пушкин атындағы №3 жалпы білім беру мектебінде болып, құрылыс жұмыстарымен танысты.

1967 жылы 536 оқушыға арналып салынған мектепте қазіргі таңда 1-11 сыныптар аралығында екі ауысымда 838 оқушы білім алады. 57 жыл ішінде мектеп ғимаратына бірде-бір кешенді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Сондықтан, биыл оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында бұл мәселеге кезек күттірмей қаржы бөлініп, мердігер «Ремстрой» ЖШС тарапынан мамыр айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстарының құрылысы жүргізілуде.

Қазіргі таңда құрылысты сапалы әрі өз уақытында аяқтау өзекті болып отыр. Білім нысанының күрделі жөндеу жұмыстарының жай-жапсарымен танысқан аудан басшысы жұмысты тездету үшін жұмысшылар санын қосымша 80-100 адамға дейін көбейтіп, қажетті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп, құрылыстың сапасына мән беруді, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін толығымен аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, күрделі жөндеу жұмыстарына құрылыс саласында жүрген Мырзакент кентінің тұрғындарын жұмысқа тартуды тапсырды.

Бақыт Асанов мердігерге тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылмаған жағдайда келісімшартқа сәйкес, сотқа, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына (ГАСК) хабар беріп, айыппұл салатындығын қатаң түрде ескертті.

Айта кетейік, А.Пушкин атындағы мектептен бөлек ауданда Қ.Сәтпаев және М.Тұрсын-Заде атындағы жалпы білім беру мектептерінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бақыт Асановтың өкімімен аталған білім ұяларының құрылыстарын сапалы әрі мерзімінде аяқталуын қадағалау бойынша арнайы жұмысшы тобы құрылған.