Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Кенеден келетін қауіп көп — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Кенеден келетін қауіп көп

Ал оның алдын алу жолдарын түсіндіру, тұрғындарды хабардар ету медицина саласаы мамандарының басты міндеті. «Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасының Жалпы тәжірибелі дәрігері Турғунбаева Айгерім Жантуғанқызы дәл осы «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» туралы, оның алдын алу шаралары жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Оны адам қалай жұқтырады? Кене шағуы аса қауіпті инфекция екендігі, кенеден қорғану ережелерін сақтау және дереу медициналық көмекке жүгіну керек екендігін түсіндірген дәрігердің видеоүндеуі көпшілікке жолданды.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (КҚГҚ) – өте қауіпті жұқпалы ауру. Аурудың негізгі табиғаттағы резервуары мен оның көзі – иксод кенесі. Вирустың уақытша резервуары – жануарлар. Ауруды жұқтыру қаупі ауру тасымалдаушы иксод кененің көбеюіне тікелей байланысты. Олардың белсенділігі көктемгі-жазғы маусымда арта түседі. Кене негізінен далалық жерде, бұталы өсімдіктердің басында, мал жайылымдарында, мал қораларында кездеседі.

Иксод кененің шағуы арқылы трансмиссивті жолмен, кенені жалаң қолмен жұлғанда, қой қырқымы кезінде кенелерді абайсызда қиып жіберу, езіп тастау немесе кененің қаны арқылы терінің зақымдалған бөліктерінен жұғады. Адамнан адамға КҚГҚ-мен ауырған науқастың қаны арқылы, медициналық көмек көрсету, науқас күтімі кезінде, зертханаларда еңбек қауіпсіздігі ережелері сақталмаған жағдайда ауа тамшылары арқылы жұғуы мүмкін. Ауру жұққан соң 2-14 күн аралығында, орта есеппен 4-6 күн ішінде  (науқас адамның қаны арқылы жұққанда 9 күнге дейін қысқаруы мүмкін) дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі. Басы қатты ауырады. Буындардың, бұлшық еттердің ауруы, дененің сырқырауымен сипатталады. Науқас дер кезінде дәрігерге қаралмаған жағдайда әлсіреп, жүрегі айнып, құсуы, іші өтуі мүмкін.

Сол үшін табиғатқа шыққанда, мал бағу, сою, малды сауу, мал қырқымы, бақша егу, отын-шөп дайындау жағдайларында кене шағу, жабысып қалмауы үшін ұзын жең, ұзын балақты киім киген жөн. Шлбардың балағын шұлықтың ішіне салып, дененің ашық жерін толық жапқан дұрыс. Мал жүнін қырқу, мал сою кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтап, қолға резеңке қолғап кию керек.

Кене шаққан жағдайда кенені жалаң қолмен ұстамау керек, оны қысқашпен қатты қыспай (кенені езіп алмас үшін), абайлап, ұқыпты (теңселтпей, жұлқыламай) тартып алып, орнын 5 проценттік йодты спирт ерітіндісімен немесе 70 проценттік спиртпен сүрту қажет. Кене шаққан адам тез арада міндетті түрде медициналық мекемеге қаралып, тиісті медициналық көмек алуы тиіс. 14 күн бойы амбулаторлы түрде дәрігердің бақылауында болып, аурудың белгілері (әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бұлшық еттердің ауруы) байқалған уақытта міндетті түрде дереу дәрігерге қаралған дұрыс.

Мал басын кенеге қарсы өңдеуден өткізу, кенелердің жұмыртқалайтын орындары мал қораларын қидан, көңнен тазалау, қатты тұрмыстық күл-қоқыстарды арнайы полигондарға шығару қажет.

Аурудың алдын-алу үшін табиғи ошақ аумағында орналасқан елді мекендердегі жануарларды, қора-жайлар мен үй жайларының аумағын тиісті сала мамандары кенеге қарсы залалсыздандырады.