Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
МАҚТААРАЛДА «ТЕГІН СҮНДЕТТЕУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

МАҚТААРАЛДА «ТЕГІН СҮНДЕТТЕУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Мақтаарал аудандық ауруханасы басшысының бастамасымен хирург дәрігерлер Г.Урманова, У.Лайсханов,  Ч.Сапарханов, О.Қурбанов, Е.Таймырзаев ауруханада ауданн тұрғындарының ұлдарын тегін сүндеттеу акциясын жүргізді. Алғашқы күні ауруханада 120 дан астам жеткіншекке сүндеттеу рәсімі жасалды.

Келесі күні 20-ға жуық бала сүндетке (Церкумцизия) отырғызылды.

«Атакент» Мақтарал аудандық ауруханасының басшысы А.Жузеновтың ұйымдастыруымен, балаларды  «Сүндетке отырғызу (Церкумцизия) бойынша, «Атакент» Мақтарал  аудандық ауруханасының қабылдау бөлімінде таңертеңнен кезекке тұрғандар көп болды.

Сүндеттелген балалардың ата- аналары дәрігерлерге осындай мүмкіндік жасағандары үшін ризашылылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Аурухана басшысы осындай игі іс-шаралар жыл сайын жалғасатынын мәлімдеді.

–Көп ата-ана сұндеттелгеннен кейінгі жазылу ол кескенге байланысты деп ойлайды. Лазермен кесті ме, пышақпен кесті ме, мәселе оған байланысты емес. Ол көбіне мүшенің басының ашық не жабық болуына байланысты. Егер мүшенің басы ашық болса, ол немен кессе де 5-7 күнде жазылып кетеді. Егер мүшенің басы жабық болған болса, фимоз, алдында қабыну болса, ондай жағдайда жазылу процессі 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Себебі ол жерде қабыну болады. Егер баланың мүшесі жабық болса, бірден екі апта жазылу процессі жүретініне ата-ана дайын болуы керек. Қандай әдіспен сүндеттелсе де балаларға екі аптаға дейін күтім жасау қажет,- дейді хирург дәрігер У. Лайсханов.