Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Өзгеге өмір сыйлау –ғанибет — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Өзгеге өмір сыйлау –ғанибет

Күнделікті тұрмыста түрлі қиындықтар кезігіп қалатыны белгілі. Әсіресе, денсаулыққа қатысты жағдайда шыбын жанын шүберекке түйетін жандар аз емес. Оларға көбіне қан құю керек болады. Осындайда қан тапшылығы туындамасы үшін ерікті түрде донор болудың маңызды зор. Бұл өзгеге өмір сыйлауға әркеттену емес пе? Олай болса өзгенің өмірін сақтап қалуға тырысушылық қандай керемет сезім?!

Міне, осындай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу арқылы Мақтаарал ауданының «Атакент» ауруханасында Облыстық қан орталығының  ұйымдастыруымен «Ерікті донор күні» акциясы өтті. Оған мақтааралдықтар белсене атсалысты.

Аурухананың басшылық құрамынан бастап, қатардағы қызметкерлері және аудан тұрғындары өз еріктерімен келіп қан тапсырып жатты. Акцияның негізгі мақсаты — қызметкерлер аудан тұрғындары арасында донорлықты насихаттау, донорлық қан мен оның компоненттерінің қорларын ұлғайту, сондай-ақ қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға белсенді жәрдемдесу болатын. Ауданда өткен акцияға қарап осы мақсат орындалды деген ойдамыз.

Айта кету керек, мұндай акция ауданда бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді. Оның үстәіне бұл әлеуметтік жауапкершілікті қызметкерлердің қоғам өміріне белсенді қатысуын растайтын жақсы дәстүрге айналды.