Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Ана мен бала денсаулығы –-ұлт саулығы — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Ана мен бала денсаулығы –-ұлт саулығы

28 маусым Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» өткізілді. Оған аймақтағы салаға жауапты дәрігер мамандар қатысты.

Жиында кіріспе сөзді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, ҚК Түркістан облысы Әйелдер кеңесінің төрайымы — Баян Айтбекқызы Жандосова айтып, жиынды ашты. Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі -Назым Жәнібекқызы Жанғазинова және Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы Ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша басшы орынбасарының міндетін атқарушы Мадина Ережеповна Мамбетова тақырыпқа қатысты басты мәселелерді бастап, баяндама жасады.

Айта кету керек, репродуктивтік  денсаулық бұл- жүкті болу, босану және сау бала туу мүмкіндігі. Оны сақтау-әйел мен еркектің ортақ міндеті. Әрбір жүкті қалаулы, ал болашақ баланың ата-аналары-дені сау болу керек.

Әйелдің репродуктивті денсаулығының негіздері ерте жастан қалыптасады және генетикалық ерекшеліктерге, дененің әртүрлі мүшелері мен жүйелерінің патологиясының болуына, қоршаған орта факторларының әсеріне және т. б. байланысты. Жыныстық өмірдің ерте басталуы, жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБИ), соның ішінде АИТВ/ЖИТБ, жоспарланбаған жүктілік, түсік түсіру репродуктивті саланың негізгі проблемалары болып табылады.

Жасөспірімдерге қауіпсіз, соның ішінде жыныстық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, оларды өз денсаулығын сақтауға ынталандыру кеңестері берілді.

Ата-аналардың, мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің, ішкі істер органдарының қызметкерлерінің, әлеуметтік қызметкерлердің, жастар арасынан шыққан еріктілердің, қоғам қайраткерлерінің, саясаткерлер мен шенеуніктердің күш-жігерін біріктіру, балаларымызға өз денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектесу үшін ерік пен жігер таныту.

Бекітілген кестеге сәйкес Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты аудандардығы Ана мен бала денсаулығын сақтау бойынша басшы орынбасарлары өз аудандары бойынша атқарылған жұмыстардың есебін берді.

Бұл орайда Мақтаарал аудандық «Мырзакент» ауруханасына қарасты емхана және дәрігерлік амбулаторияларда атқарылған «РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫНЫҢ»  есебін басшы орынбасары Н.Н.Сапарбекова баяндады. Апталықтың қорытындысына арналған дөңгелек үстелде тақырып бойынша жалпы қабылдауда болған ФЖӘ саны 245, оның 32-і жасөспірімдер екеіні айтылды. Апталықтың нәтижесі бойынша көрсетілген медициналық қызметтер саны 169-ды құраған.