Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Тұмауға қарсы вакцинаның пайдасы көп — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Тұмауға қарсы вакцинаның пайдасы көп

Күз мезгілі келді, демек, бұл тұмау мен жедел респираторлық инфекцияның (ЖРВИ) таралуының маусымдық өсуін білдіреді. Бүкіл халық үшін иммунитетті уақытында «қалпына келтіріп», қажетті екпелерді алу өте маңызды. Біз білетіндей, жыл сайын Қазақстанда тұмау маусымы қараша-желтоқсан айларында басталады. Сондықтан «Гриппол плюс» тұмауына қарсы вакцина алған дұрыс. Дәрігер ретінде мен уақтылы вакцинация алу өзіңізді әртүрлі өткір респираторлық аурулардан қорғаудың ең тиімді жолы деп есептеймін. «Гриппол плюс» вакцинасы 5 жастан бастап қолданылады, вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелмеген, вакцинация тегін негізде жүргізіледі.

ЖРВИ таралу маусымында тұмауға бей-жай қарауға болмайды. Бұл тыныс алу жолдарының жедел вирустық респираторлық инфекциясы ғана емес. Тұмау өте жұқпалы, жылдам таралуға қабілетті, вирустық респираторлық инфекцияларға қарағанда ауыр және асқынудың ең көп санына ие.

Сондықтан халық арасында топтық иммунитет қалыптастыру қажет. Ол халықтың едәуір бөлігі вакцинация немесе табиғи түрде берілетін ауру нәтижесінде инфекцияға қарсы иммунитетке ие болған кезде қалыптасады. Мұндай жағдайда инфекцияның таралуы бәсеңдеп, қоздырғышты тасымалдау деңгейі төмендейді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың ең қауіпсіз жолы халықты тұмауға және ЖРВИ-ге қарсы вакцинациялау. Тұмауға қарсы Вакцинация тұмаудың өзінен қорғауға ғана емес, сонымен қатар ЖРВИ қосылу жиілігінің төмендетеді. Бұл жағдайда басқа да сақтық шаралары туралы ұмытпағандарыңыз абзал. Бұл – қол жуу немесе оларды антисептиктермен өңдеу, бетке, әсіресе көзге, мұрынға немесе ауызға қол тигізбеу, үйде болу, жедел респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жағдайда, қоғамдық орындарда маска тағу сынды қарапайым, бірақ пайдалы әдеттер. Сонымен қатар, мен төменде вакцинацияның пайдалылығы туралы бірнеше фактілерді келтіргім келеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинацияны тұмаумен күресудің жалғыз әлеуметтік және экономикалық негізделген шарасы деп санайды. Вакцинация ауруды 90 пайызға, ауруханаға жатқызуды 60 пайызға төмендетеді. Вакцинация халықтың барлық топтарына алты айдан бастап қартайғанға дейін салына береді. Тұмауға қарсы иммунитет 2-4 апта ішінде қалыптасады және 1 жыл бойы сақталады. Сондықтан жыл сайын егу керек. Уақытында жасалған тұмауға қарсы екпе өзіңізді қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді. Сондықтан сізден тіркелген медициналық ұйымға барып, тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы вакцина алуыңызды сұраймын.

«Вакцина ексең, ауырмайсың»

Негізі вирустың әсеріне егуден өткен де, одан бас тартқан да түсе алады. Вакцина ауруды мүлдем болдырмайды емес, ол тек аурудың тез өтуін қамтамасыз етіп, асқынудан сақтайды.

«Иммунитет үшін өмірде бір рет вакцина егу жеткілікті»

Шешек, қызылша сынды аурулардан өмір бойына бір рет қана вакцина егу керек екендігі рас. Бірақ тұмау вирусы басқаша. Тұмаудың айлакер вирусы маусым сайын өзгеріп отырады, демек былтырғы салынған вакцина сізді биыл мүлдем қорғай алмауы мүмкін. Сонымен қатар тұмаудың вакцинасы әсерін 3-4 ай ғана сақтайды.

«Тұмауға қарсы вакцинаны тегін салады»

Біздің елде тұмауға қарсы вакцинаны тегін екпейді. Оны еш ақысыз тек кейбір мамандық иелері ғана (медициналық қызметкерлер, полиция қызметкерлері, кейбір қоғамдық жұмысшылар) ала алады. Балалар, қарттар үйінің өкілдері, медициналық тіркеуде тұрған балалар да вакцинаға тегін қол жеткізе алады. Зейнеткерлер мен балаларға арнайы жеңілдіктер қарастырылған. Қалған адамдар медициналық орталықтарында вакцинаны орта есеппен 2000 теңгеге салдыра алады.

Вакцинаның пайдасы.

Тұмауға қарсы вакцина шын мәнінде жұмыс істейді, ол сізді эпидемия кезінде аурудан сақтап, тұмауға шалдыққан жағдайда, ауруды тез әрі жеңіл өткеруге көмектеседі. Бір вакцинаға кететін қаражат ертең ауырып қалған жағдайда дәрілерге кететін ақшадан әлдеқайда аз. Сонымен қатар сабағын және жұмысын қалдырғысы келмейтін жандарға алдын-ала вакцина жасаған дұрыс.

Кішкентай бүлдіршіндер үлкендерге қарағанда тұмауды қиын өткереді. Сол себепті балаларға да екпе жасатқан дұрыс. Вакцина балалар арасындағы аурудың асқынуын (өлімге дейін) 30%-ға төмендетеді. Жүкті әйелдер вакцинаны жүктіліктің 14-ші аптасынан кейін жасатқаны дұрыс.

Егер сіздің жұмысыңыз қоғамдық жерлерде болса, вакцинаны жасатып алған дұрыс. Балабақша балалары, мектеп оқушылары мен студенттер де екпеден өткені жөн.

А.Тұрғынбаева,

Мақтаарал аудандық «Мырзакент» ауруханасының ЖТД  дәрігері.