Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ҚЫЗДАРҒА ЕКПЕ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ҚЫЗДАРҒА ЕКПЕ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

Биыл қыркүйек айынан бастап елімізде жаппай 11-14 жас аралығындағы қыздарға ата-анасының рұқсатымен Адам Папиллома Вирусына (АПВ) қарсы екпе егілетіндігі жайында Бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазуда.

Осы тақырыпқа орай, Мақтаарал ауданы тұрғындарын хабардар ету мақсатында, сонымен қатар вакцинаға байланысты туындаған барша сауалға жауап беру шаралары ұйымдастырылуда.

Соның бірі ретінде Мақтаарал аудан әкімдігінде ауданы әкімі аппарат басшысы, мектеп директорлары мен олардың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Орталық аурухана басшысының орынбасары, СЭББ мамандары, онколог, гинеколог, иммунолог мамандарының қатысуымен өткен жиынды айтсақ болады. Мақтаарал аудандық Атакент ауруханасының мамандары жиында көпшілікке түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, вакцинаның тиімділігі жайында жан-жақты дәлелдемелерін айтып берді.

Мамандардың мәлімдеуінше Адам Папиллома вирусы (АПВ) дүниежүзі бойынша өте кең таралған шырышты қабаттар мен теріге әсер ететін вирустардың жалпы атауы. Оның 200-ге жуық түрі бар екен. Вирустың 13-түрі обырдың дамуына әсер етсе, жоғары қауіпті 16 және 18 АПВ типтері жатыр мойны обырын тудырады.

Ал жұртшылыққа ұсынылып отырған, салынғалы отырған АПВ-ға қарсы вакцинаның онкологиялық аурулардың, әсіресе жатыр мойны обыры ауруының алдын-алуға тигізер әсері мол.

«Алдағы қыркүйек айынан бастап білім беру ұйымдарының егу кәбинеттерінде тегін жүргізілетін вакцинацияны ата-аналардың өтініштерімен тіркелген жері бойынша емханалардан алуға болатындығын да ескертеміз» дейді дәрігерлер.

Ал вакцина міндетті түрде тек ата-аналарының немесе қыздардың қамқоршысының келісімімен жүргізіледі.