Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ — ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ» — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ — ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ»

Республикалық «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» науқандық акциясы Мақтаарал ауданында да өтті.

Аудан орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен іс-шарада мектеп оқушыларына арналған киім-кешек тігетін отандық фабрикалар өз өнімдерінен жәрмеңке өткізді. Мектепке қажетті кеңсе тауарларын сатушылар да өз тоуарларын ұсынып, тұтынушылардың бір жерден керек-жарағын алуына жағдай жасады.

Акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасы балаларына көмек көрсету.

Жәрмеңкеге облысымыздың және ауданымызың кәсіпкерлері қатысып, оқушыларға оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және тағы басқа тауарларды 10-15 пайыздық жеңілдік бағалармен ұсынды.