Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Балалар ойнайтын вагон жасақталуы керек — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Балалар ойнайтын вагон жасақталуы керек

Елімізде ит-мысықтарға әртүрлі жағдай жасалатынын есітіп жатамыз. Алайда, балаларға қандай артықшылықтар бар? Шынын айтқанда құлағалы тұрған лашықта балалық шағы өтіп жатқан бүлдіршіндер қаншама. Осылай бола тұра бюджеттен ақша бөліп, ит-мысықтарға баспана салатын билікті түсінбеймін.

Балаларымызға жағдай жасалмағанын оларды жазғы демалыс уақытысында демалысқа алып шыққанда анық байқайды екенсің. Автобуста болсын, поезда болсын кішкентай жолаушылардың қамы ұмыт қалған ба дерсің. Тамыз айының бел ортасында жұрт мақтаған Түркістан қаласын тамашалу үшін №45 бағыттағы пойызбен Павлодар қаласынан жолға шықтық. Ұлым, қызым, немерем, барлығы бес адам пойызбен 40 сағат жүріппіз. Ересек адамдар қиындықтарға шыдаймыз ғой, ал төртке толмаған немерем әбден қиналды. Іші де әбден пысқандықтан станцаларға тоқтағанда далаға қарай сүйрейді. Қайта ойыншықтарын алып алғанымыз дұрыс болыпты, біршама уақытын солармен ойнап өткізді. Осыдан кейін маған мынадай ой келді. Неге вагонның бір купесінен ана мен бала бөлмесін жасақтамасқа? Секіріп, мініп ойнайтын ойыншықтар қойып қойса, ата-аналар балаларын осында әкеліп ойнатар еді. Біраз уақыт ойнаған бала әрі энергиясын шығарып, әрі шаршап ұйықтайды. Тамаққа да тәбеті ашылады. Үлкендер үшін арнайы вагонды мейрамхана етіп қойған емес пе? Ендеше неге балаларға да бір вагонды қимайды? Балаларға бір вагонды қимаса әлгі мейрамхананы балалардың қызметіне қайта жасақтаса болады. Ақылы етіп қойса да ата-аналар балаларын әкеліп ойнатар еді. Бұл мейрамханаңыздан да артық табыс түсіретініне сенімдімін. ҚТЖ-ның ойлағаны тек пайда ғана ма? Онсыз да әрлі-берлі жолаушылап жүрген жолаушылар қаншама ақшасын құйып жатыр ғой. Қазір бәсекелестік заманы, өзге тасымал түрлеріне лайықты бәсекелес болу керек емес пе? Еліміздің жері кең-байтақ, Еуропа елдеріндегідей бір қаладан екінші қалаға жылдам жетпейді. Жылдам демекші, дамыған елдерді айтпағанда көрші елдердің өзінде жылдамдығы жоғары поездар қызмет етуде. Бізде әлі сол баяғы ескірген, тасбақа жүрісті пойыздар. Қашан дамып, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетеді екен?

Тоқ етерін айтқанда, әр пойызда балалардың ойнауына арналған арнайы вагондар жасақталып, кішкентай жолаушылардың көңілін ауласа көпшіліктің ҚТЖ-ға айтар алғысы аз болмас еді.

Н. ӘБІЛДАҚЫЗЫ.