Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Мақтаарал ауданында білім саласы қызметкерлерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: заманауи білім беру» тақырыбында аудандық тамыз кеңесі өтті.

Дәстүрлі іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Бейсенбай Төребеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Қадір Сәрсекбаев, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қайрат Арап және аудандағы білім беру мекемелерінің басшылары, ұстаздар қауымы және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға келген көпшілік ең алдымен аудандық мәдениет үйінің фойесіндегі білім беру ұйымдарының жетістіктері мен атқарған жұмыстары туралы көрме жұмыстарын тамашалады.

Мұнан соң тағылымды шараның ашылуында мемлекеттік Гимн орындалып, жұмыс регламенті бекітілді. Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қ.Арап баяндама жасап, 2023-2024 оқу жылында ауданның білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы кеңінен мәлімет берді.

Мақтаарал ауданы қайта құрылғалы 6 жыл ішінде 20-дан астам жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріліпті. Қазіргі таңда 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр, тағы 3 мектептің құрылысы басталады. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» жобасы аясында Атакент кентінде 1500 орындық және А.Қалыбеков ауылдық округінде 600 орындық мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Аталған жоба аясында жыл соңына дейін Атакентте және Жамбыл ауылдық округінде тағы 900 орындық 2 мектептің құрылысы басталады деп күтілуде.

Ауданда білім саласына көп көңіл бөлінуде. Жаңадан мектептер салынуда, мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, білім ошақтары барлық қажетті жабдықтармен жарақтандырылуда, жаңа технологияларды енгізу үшін арнайы кабинеттер ашылуда. Мәселен, ауданымыз қайта құрылғалы 6 жыл ішінде 20-дан астам жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріліпті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 санды қаулысына сәйкес, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында аудан аумағына 5 жайлы мектеп құрылысы жоспарланған. (Тапсырыс беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ болып табылады).

Атап айтқанда:

1.Нұрлыбаев ауылдық округі, Ынталы елді мекенінен 300 орындық;

  1. А.Қалыбеков ауылдық округі, Үлгілі елді мекенінен 600 орындық;
  2. Жамбыл ауылдық округі, Абай елді мекенінен 900 орындық;

4.Атакент кентінен 1500 және 900 орындық жайлы мектептердің құрылысы жүргізіледі.

Қазіргі таңда  2023-2024 жылдары Атакент кентіндегі 1500 орындық және Үлгілі елді мекенінен 600 орындық  жайлы мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Ал, 2024-2025 жылдары Атакент кентінен 900 орындық және Жамбыл ауылдық округі, Абай елді мекенінен 900 орындық мектептердің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.

Жайлы мектептердің басты ерекшелігі, олар бірыңғай стандарттар бойынша жобаланады. Яғни, ауылда да, қалада да жаңа бірыңғай стандарт бойынша салынады. Бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектепте бөлек блоктарда оқиды. Әр блокта оқу кабинеттері, дәретханалар, спорт залдар болады. Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін де қолайлы жағдай қарастырылады. Зәулім мектептер заманауи интерьер бойынша жобаланып, безендіру талғамға сай болады.

Сондай-ақ, пәндік кабинеттер, компьютерлік сыныптар, зертханалар мен шеберханалар — бәрі бірыңғай стандарттар негізінде жабдықталады. Оқушыларға ыңғайлы болу үшін трансформер — парталар қойылады. Тынығу алаңдары болады. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де жағдай жасалады. Дабыл түймесі, бейнебақылау жүйесі орнатылмақ.

Оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында биыл  күрделі жөндеуді қажет ететін 19 білім нысаны бойынша (17 мектеп, 1 жазғы лагерь, 1 УПК)   облыстық бюджеттен 126 млн. 772 мың теңге қаржыға жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптамалық оң қорытындысы алынды.

Оның ішінде, 2024-2025  жылдарға «А.Пушкин», «Қ.Сәтпаев», «М.Тұрсын-Заде атындағы №56 жалпы білім беретін мектептеріне» 2 696 266 612 теңге қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Шұғыла», С.Рахымов, Ғ.Мүсірепов, Х.Доспанова атындағы мектептерді ағымдағы жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 228,03 млн теңге  қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. (облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 22.08.2024 жылғы қорытынды хаттамасы негізінде жеңімпаз анықталады).

Қазіргі таңда 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр, тағы 3 мектептің құрылысы басталады.

Заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, дүбірлі білім жарыстарында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару — мұғалімдердің ерен еңбектерінің жемісі.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы — адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деген дана Абай.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков пен аудандық мәслихат төрағасы Қ.Сәрсекбаев сөз алып, ұлағатты ұстаздар қауымын аудандық тамыз педагогикалық кеңесінің ашылумен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

«Білім – игілік пен бірлік, байлық пен дәулеттің, жарқын болашағымыздың негізгі қайнар көзі. Бәсекеге қабылетті дамыған ел болу үшін, біз жоғарғы білімді ұлт болуымыз керек. Бүгінгі «Тамыз кеңесінің» де мақсаты сол – жоғары интелигентті ұлт тәрбиелеу үшін ұстаздарымыздың өзара кеңесуі деп білемін. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында білім мен ғылымды елдің аса маңызды басымдықтары ретінде көрсетеді. Президентіміздің бастамасымен «Жайлы мектеп» жобасы, Білім беру гранттары, «Ұлттық қор» бағдарламасы ұлт әлеуетін арттыруда шешуші рөл атқаратыны сөзсіз» — деді, Бейсенбай Тасболатұлы.

Шара барысында ауданның білім саласындағы жемісті еңбектері үшін бір топ ұстаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының алғыс хаттарымен марапатталды.

Марапаттау рәсімінен соң ауданның білім саласындағы өткен жылғы атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, алдағы жаңа оқу жылына қойған міндеттер сараланды.

Мақтаарал ауданының ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов, В. Комаров атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Ғ.Торыбаев, С.Рахымов атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Тажбанова, Жамбыл атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бакирова жарыссөзге шығып, заманауи білім беру тақырыбы бойынша өздерінің көп жылдық тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Тағылымды шарада Жаңа жол жалпы білім беретін мектебінің оқушылары ұстаздарына арнау өлеңдерін оқып, шара соңы аудан өнерпаздарының әуезді әнімен қорытындыланды.