Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбиені сіңірту керек — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбиені сіңірту керек

Қай ел, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу-білім және өнегелі тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының елін, жерін, өз тілі мен мәдениетін, тарихи ұлттық құндылықтарын қастерлейтін, батырларын үлгі тұтатын, елінің болашағына сеніммен қарап, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын көрсеткіші болып табылады.

Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», — деді. Сондықтанда біз бүгінгі ұрпағымызды ата-бабамыздан қалған баймұрамыз салт-дәстүрлерімізбен, мәдени құндылықтарымызбен таныстыруымыз керек.

Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Білімді ұлт» сапалы білім» ұлттық жобасының да басты талаптарының бірі.

Ұлттық құндылықтар дегеніміз не? Әр ұлттың өзінің ұлттық құндылықтары болады. Бір ұлтты екіншілерінен ерекшелендіріп тұратыны оның: тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, лиро-эпостық және батырлар жырлары, әдет- ғұрпы, салт-санасы, менталитеті, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Осылардың бәрі – ұлттық құндылықтарға жатады.  Кез-келген ұлттың сипаты бес қағидаға келіп тіреледі. Біріншісі –тілі, екіншісі –діні, үшіншісі-дәстүрі, төртіншісі –тарихы, бесінші-атамекені. Құндылықтар –шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес,дей тұрғанмен ол ең алдымен адам санасында орын алады. Құндылықтарды сезім арқылы қабылдап, ал сана арқылы түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді.
Дана халқымызда «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. «Мәңгілік ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән берілген. Осы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Ал адамгершілік тұрғыдан құнды қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау алатыныбелгілі. қабырғасынан бастап, Отан, ел, жер ұғымының киелігін   білу, салт-дәстүр, менталитет, тарихтың маңызын бойына сіңіріп өсіру-ең басты қағидат.
Ендеше бұл тұрғыда отбасы мен тәрбиешінің атқарар ролі зор. Білім алудың негізгі қағидасы тәлім-тәрбие. Расында, бар күшімізді білімге жіберіп, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырсақ, біздің ұрпақ алдындағы үлкен қателігіміз де сол болмақ.
«Бала тәрбиесі-баршаға» демекші ұстаздар, тәрбиешілер баланы дұрыс тәрбиелеуге, санасының қалыптасуына үлес қосамыз. Бүгін ақылды ұрпақ тәрбиелеп, ертеңге сенімді ұрпақ табыс ету де біздің еншімізде десе де болады. Ұрпақ тәрбиесіндегі басты  ұстаным-тәрбиелеудің ұлттық жолдарын саралап, айқындап бала бойына сіңіре білу. Яғни, бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, адамгершілікке тәрбиелеу. Өйткені, ұлттық тәрбиенің мақсаты болашақта ұлттық сана-сезімі жоғары, өз елінің салт-дәстүрін,тарихын, мәдениетін  жақсы  білетін, сүйетін, ұлттық  құндылықтар  мен  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  ұштастыра  білетін ұлтжанды  тұлға тәрбиелеу. Ұлттық санасын ояту, өз ұлтының ана тілін, дінін, мәдени мұраларын меңгерту. Бала бойына жанашырлық, сенімділік, шыдамдылық, намысшылдық тәрізді ұлттық мінезді қалыптастыру.
Ұлттық тәрбиеміздің негізгі көздері – әдет-ғұрып, салт-дәстүр мен ұлттық әдебиетіміз. Сонымен бірге отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері, жеті ата туралы түсінік, туыстық қарым-қатынас атаулары, ата-ана мен перзент алдындағы парыз бен қарыз, ұлттық  намыс. Міне, осыларды бала санасына сіңіріп,бойына  дарыта  білу -ұрпақ  тәрбиесіндегі ең  басты қағидамыз.Халқымыз  қандай да бір білім мен өнегені балаға  қолма-қол көрсету, көрсете отырып үйретуді басшылық еткен. Мысалы, еңбек дағдысын игерту үшін ең әуелі өзі істеп көрсетіп, ең соңында балаға өз бетінше істеткен.Үлкенді  сыйлау, құрметтеу, қонақ  күту оны  аттандыру сияқты  әдеп тәрбиелерін   ұқтырып, үйретіп  отырған. Қазақ үйретіп, көрсетіп,ұқтырумен  ғана  шектелмеген. Қандай да бір әдеп, әдет    дағдыларының шынайы мәнін түсіндіріп, ойға тоқытып отырған. Тәрбиелеудің   ұлттық үрдісінде баланың қандай да бір ұнасымды қылығын мадақтап отырған. Өйткені, бала   қашанда үлкендердің өзіне ыстық ықылас, ізгі ниет көрсеткенін күтеді. Сол үшін де баланы ынталандыру үшін мадақтау арқылы психикасына ықпал етудің үлгісін қалыптастырған. Ынталандыруды баланың жас ерекшелігіне сай ұтымды пайдалана білген.
Осылайша, қазақ ұрпақ тәрбиелеудің талай тамаша жолдарын тағайындап, оны жүзеге асырудың амал-тәсілдерін айқындаған.
Педагог-психолог Мағжан Жұмабаев: «Әрбір  ұлттың бала тәрбие қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі, бала тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен жетелеуге міндетті»,- деп ұлттық  тәрбиенің, халықтық педагогиканың ұлағаттылығын дөп басып айтқан. Патриоттық тәрбиенің түп қазығы ұлттық педагогика. Ұлттық педагогика — баланың анасына отансүйгіштік, еліне, жеріне деген махаббаты арттыру бесік жырлары, батырлық жырлар, ертегі, ұлттық ойындар арқылы ұлттық патриоттық сананы қалыптастыруға негізделеді.
Балалардың ұлттық санасын оятуға, бойындағы мәліметтерін дамытуға байланысты шараларды ұйымдастырғанда ұлттық киім, құнды жәдігерлер туралы үнемі айту, соларға қызықтыру, оны шынайы өмірмен байланыстыру т.б. әрек еттерді жиі қайталап отырған абзал.
Бұдан бала ұлттық құндылықтың маңызын түсінеді, қызығады. Бала тілінің дамуы өзін қоршаған ортамен тығыз байланысты. Туғандары, анасы қай тілде сөйлесе, бала да сол тілде алғашқы сөздерін айта бастайды. Бала тілі бал, олар түрлі пікірлер айту арқылы өз қиялын жеткізеді. Әр Қазақстан азаматы өз ана тілінде еркін сөйлеп, тілін құрметтеп, Отанының мемлекеттік тілін жетік меңгеруі тиіс. Осы сәтте балаға отбасы үлгі болуы қажет.
Ал мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеші баланың ойын дамытып, жігерлендіріп, алға жетелеу арқылы талпындырып отырғаны абзал. Ана тілі рухани тірегіміз екенін сәби көңілдеріне сіңіріп, олардың тіл байлығын дамыту бағытындағы шараларда тіліміздің тазалығын сақтауға барынша көңіл бөлген жөн.
«Ежелден ел тілегі – ер тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі» демекші әр баланың бойында адамгершілік, батылдық, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамытып, жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қосу болып табылады. Жас ұрпақты аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын жете түсіндіре отыруымыз қажет. Қазақ елінің тарихын насихаттап, өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелейтін, әрқашан мемлекеттік мүддені көздеп, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің мәңгі баянды болуын насихаттау жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Тарихты оқу арқылы отаншылдыққа, өз халқына, басқа халықтарға деген сүйіспеншілікке, жауынгерлікке, еңбек сүйгіштікке, Отаны үшін кез келген қиындыққа әзір тұруға, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастыққа, қоғам үшін, халық үшін, елі үшін қызмет етуге дайын болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, өз мүддесін халық, Отан мүддесінен жоғары қою сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды:
«Ойната отырып- тәрбиелейміз»
«Ойната отырып –оқытамыз»
Ұлттық құндылықтарды балаларға насихаттау арқылы-балаларды отансүйгіштікке, елін-жерін қорғауға,үлкенге- құрмет, кішіге-ізет жасауға баулу болып табылады.
Ұлттық ойындар мазмұны мен түрлеріне қарай оқу-тәрбие үрдісінде үлкен қолдауға ие бола алады. Қимыл-әрекет ойындары мен спорттық ойындар дене шынықтырудан ұйымдастырылған оқу қызметінде кеңінен қолданылса,табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар мен хайуанаттар дүниесіне елестетіп ойнайтын ойындар – қоршаған ортамен таныстыру.

Ұлттық ойындардың мектепке дейінгі мекемеде жүргізілетін түрлері:
1. Қимыл әрекет ойындары: «Орамал тастау, Айгөлек, Күзетші, Ақсерек-Көксерек, Күн мен Түн, Орныңды тап»
2. Спорттық ойындар: «Теңге ілу, Қыз қуу, Қазақша күрес, Қол күрес, Ат жарысы»

С.Баймаханбетова,

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдіскері.