Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Білім беру саласында өскелең ұрпақтың тәрбиесіне үлкен мән беріліп отыр. Бұл орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Білімді ұлт – сапалы білім» ұлттық жобасын жүзеге асыруда Мақтаарал ауданында ілкімді бірқатар іс-шаралар қолға алынған. Мемкепке дейінгі  және орта білім беру ісінде үкіметтік деңгейде қолға алынған реформаларды дамыту қарқынды жүруде. Бұл орайда балаларға құқықтық тәрибе беру, қоғамдық тәртіпті сақтау турасында да насихаттық жұмыстар жаңдана түскенін атап өткен орынды.

Сондай іс-шаралардың бірі жуырда С.Рахимов мектебінде болды. Мұнда Мақтаарал ауданында Ішкі істер қатарында отыз жыл абыроймен қызмет атқарып, өзінің табандылығының арқасында полиция бөлімінің ғимаратын салдырып, кейінгі шәкірттерінің жүрегіне ізгіліктің, іскерліктің, адалдықтың дәнін еккен милиция полковнигі Сапаралы Жанабеков атындағы полиция сыныбы ашылды.

Жастар арасында қаhармандық пен ержүректілікті дәріптеу мақсатында Мақтаарал ауданы орталығындағы бұл мектепте ашылған «Жас сақшы» сыныбына қызығушылық танытқандар көп. Сыныптың салтанатты ашылуына аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанкулова, Полиция департаментінің тәрбие және кадр саясаты басқармасының бастығы Мақсат Асқаров, Полиция департаментінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ердаулет Амантаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бөлебай Құнанбеков пен Сапаралы  Жанабековпен бірге қызметтес болған әріптестері, замандастары мен туыстары қатысты.

Шарада сөз алған полиция полковнигі Мақсат Асқаров былай деді:

–Еліміздің барлық өңірлерінде, жергілікті жерлерде «Жас сақшы» полиция сыныптары ашылуда. «Жас сақшы» полиция сыныбын құру –Ішкі істер министрлігінің басым жобасы және ең алдымен жастарды патриотизм мен отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен мамандық таңдауда көмек көрсетуге бағытталған,- деді ол.

Өз кезегінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет сыйлайтынын айта келе, былай деді:

–Ішкі істер бөлімін 14-жыл бойы басқарған Сапаралы ағамыздың Елге жасаған еңбегі баршамызға өнеге, темірқазықтай айқын бағыт-бағдар беретіндігі сөзсіз. Өскелең жастарға оның еселі еңбегі үлгі боларсы даусыз,- деді ол.

Жиын соңында полиция бөлімінің бастығы Ердаулет Дарханұлы балаларды Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты тәрбиелеуде бұл полиция сыныбының ықпалы орасан зор екендігін айтып, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.