Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Құрақшы жерлестеріміз рекорд жасады — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Құрақшы жерлестеріміз рекорд жасады

Елордада V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында өткен «Аламан құрақ» жобасына 450 ісмер қыз-келіншек үлес қосқан. Олар еліміздің әр түкпірінде тұрады. Барлығы да жоба аясында келісе отырып бір түсте, бір әдісті қолдану арқылы рекордтық көрпені тігіп шыққан. Ісмерлер құрап келген 11 200 шаршы метр құрақ көрпені тігіскен, яғни «Аламан құрақ көрпені тіккендер «КиНЭС» Қазақстан рекордтар кітабына есімдері еніп отыр.

Жалпы V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын тамашалауға әлемнің әр түкпірінен келген туристер мен еліміздің барлық өнірінен жеткен меймандарды таң-тамаша еткен Аламан құрақ көрпені тігіскендер арасында шымкенттік шебер Шолпан Ыбраева мен созақтық Ақбілек Байтемірқызы да бар.

Шолпан Көшкінбайқызы 2021 жылы Шымкент қаласындағы «Бақытты жанұя» орталығында тігіншілік қабілетін шыңдаған екен. Тігіс тігудің қыр-сырын алдымен өзі оқып, үйреніп, кейін осы мекемеде қыз-келіншектерге тігіншілік өнерін үйретуге кіріскен. Қазір де аталған орталықта тігін, оның ішінде құрақ тігу тобына жетекшілік етеді.

Ал, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ақбілек Байтемірқызы  өте күрделі саналатын «Гаухартас», «Сынық мүйіз», «Аламан» құрақ техникаларын орындаған.

Орайы келгенде айта кетейік, Астана қаласында өткен этникалық іс-шараға әлемнің 89 елінен 4000-ға жуық спортшы қатысты. Бұл күндері спорттың 20-дан астам түрінен бөлек, түрлі  халықаралық дәрежедегі мәдени шаралар өтуде. Шараның мақсаты — ұлттық спортты дәріптеу, туризмді және этномәдениетті дамыту.