Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Оңалту орталығының қызметі – халық үшін — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Оңалту орталығының қызметі – халық үшін

Мақтаарал ауданы, Атакент ауылының тұрғындары үшін Атакент ауылдық ауруханасының оңалту бөлімінде түрлі қызметтер ұсынып отыр. Тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда.

«Орталыққа келіп, ауыл-аймақ тұрғындары денсаулығын жақсартуға, қалпына келтіруге және кәсіби мамандардың көмегіне жүгінуіне мол мүмкіндік жасалып отыр» дейді орталық басшылары.

Орталықтың дефектолог маманы Әлсейітова Арайлым Сержанқызы әрбір науқасқа ерекше көңіл бөліп, таңғы 09:00-ден 13:00-ге дейін ақысыз қабылдайды.

Ең басты ақпарат, оңалту бөлімінде инсульттен кейінгі емнің барлық қажетті түрлері ұсынылады, оның ішінде сөйлеу қабілетін қалпына келтіруге арналған афазия және алалияға қарсы терапиялар да бар. Сондай-ақ, церебралды сал ауруы (ДЦП), аутизм, және Даун синдромы диагноздары қойылған балаларға арнайы кешенді көмек беріледі. Әрбір науқасқа жеке көзқараспен қарай отырып, олардың қажеттіліктеріне сәйкес ем-шаралар жүргізіледі.

«Біз сіздің сауығып, өміріңізге қайта оралуыңыз үшін барымызды саламыз!» дейді орталық мамандары.

Олай болса осы бір игілікті істің шарапатын көріп, мүмкіндікті жіберіп алмаған жөн. Аудан тұрғындары үшін жасалып жатқан жақсы жобаны тиімді пайдаланған дұрыс.