Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ПІКІРСАЙЫСШЫЛАРЫ ТАҒЫ ДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ПІКІРСАЙЫСШЫЛАРЫ ТАҒЫ ДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты Қ.Қайсенов атындағы №51 жалпы білім беретін мектебінің «Парасат» дебат клубының оқушылары 12-13 қыркүйек күндері Түркістан қаласында өткен оқушылар арасында республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне қатысқан болатын. Турнир бүкіләлемдік мектеп форматында өтті. Ой ұшқырлығы мен интеллект сынға түскен аталмыш турнирде оқ бойы озық шыққан аталмыш мектептің  пікірсайысшылары облыс чемпионы атанды. Олар енді қазан айында Астана қаласында өтетін аталмыш турнирдің республикалық кезеңіне қатысатын болады. Чемпион атанған оқушылардың бүкіл аудан мақтан тұтады. Олар – Анарбай Альбина (11-сынып), Қалдар Альбина (10-сынып), Жексенбай Арайлым (10-сынып), Мұхтархан Нұрғиса (11-сынып), Ерхан Шұғыла (9-сынып).

Шешендік өнер мен қатар білім көкжиектерінің кеңдігімен өзгелерге үлгі бола білген, жеңімпаз дебатшы оқушыларды аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қайрат Арап арнайы құттықтап, алдағы сөз додасында сәттілік тіледі.