Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Жүлдегер ұстаз – аудан мақтанышы — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Жүлдегер ұстаз – аудан мақтанышы

Жақында, нақтырақ айтсақ, қыркүйектің 24-і күні «Мемлекеттік тілді білу-парызым» атты байқаудың облыстық кезеңі өтті. Түркістан қаласы, Ш.Ниязов атындағы жалпы білім беретін мектептің базасында өткен бұл байқауға өңіріміздегі барлық мектептерден өз бағын сынап, аудандық бәсекеде бағы жанған кіл жеңімпаздар қатысты.

Олардың қатарында мақтаарлдық ұстаздар да болды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бірден бір жанашыр мектептегі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің ұстаздары екені айтпаса да түсінікті. Ал осындай мамандар байқауда бақ сынағанда үздіктер арасынан ең үздігін таңдау әрине оңайға соқпасы белгілі.

Десе де облыстық байқаудың нәтижесі бойынша Мақтаарал ауданының Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектептің ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каландарова Насиба жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі ІІ орыннан көріне білді. Бұл үлкен жеңіс, мәртебелі марапат. Содан да болса керек, әріптестері Насибаны зор қошеметпен қарсы алып, байқаудағы табысы үшін қуанышымен ортақтаса білді.

Мақтаарал ауданындағы жақсы үрдістердің бірі де осы – қай саланың болмасын білікті маманының жетістігі үшінгі марапаттарын ел болып атап өтіп, өзгелерге үлгі ету. Бүгінде Насиба Каландарованың жетістігі ауданда білім саласы аммандары арасында үлгі аларлық тұлға ретінде насихатталуда.

«Бір тіл білсең бір адамсың,екі тіл білсең екі адамсың…» деген ұстанымды ұстанған Насиба ұстазымызға шығармашылық шарықтау тілейміз. Мақтаарал ауданының мәртебесін абыроймен ұлықтап келгеніңіз үшін Сізге алғыс айтамыз!» дейді ауданыдқ білім бөлімінің басшылығы.