Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Өзімбілермендікке салынбаңдар! — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Өзімбілермендікке салынбаңдар!

 

Хлықпен кеңесу керек. Осыдан екі аптадай бұрын, Шымкенттегі Еңбекші ауданының тұрғындары жиын жасады. Наразы топтың сөзіне қарағанда, олар өз құқықтарын қорғаудың амалын ақылдасқан. Әдетте мұндайды құзырлы органдар рұқсат етілмеген митингіге санап, жиналғандарды қуып таратады. Бірнешеуіне айыппұл салып, қамап қойған кездері де болған. Бірақ бұл жолы ондай болмады. Полицейлер келгенімен адамдарды қуып таратпады, тек қоғамдық тәртіпті бұзбауды ғана ескертті. Себебі көпшіліктің талабы орынды екенін олар да көрді, білді, түсінді.

Расында ауылдың ортасына қаланың оңтүстік бөлігіндегі тұрғындардың сарқынды су қалдықтарын жинайтын тоған жасау ақылға қонымсыз. Бұл тұрғындармен санаспай жасалған тірлік екені көрініп тұр. Кім де болса үйінің іргесіне қаланың кәріз жүйесінен шыққан қалдықтарды жинайтын орын дайындауына қарсы болары белгілі. Қалай болғанда да сол күні тараптар бірауыздан келісімге келе алмағынымен, сасық иіс шығатын жердің жұмысын уақытша тоқтатуға келісті.

Дейтұрғанмен бұл келісім уақытша болуы да мүмкін. Себебі «Су арнасы» мекемесі ол жерді дайындау үшін қомақты қаражат шығарғаны айтпаса да түсінікті. Сол себепті олар тұрғындар наразы екен деп, біткен нысанды пайдаланусыз қалдырып кетеді дегенге сену қиын. Тіпті соттасулары да ғажап емес. Ондай жағдайда сот орындары кәсіпкердің мүддесін қорғайтын шығар. Ал бұл жұртшылықтың наразалығын тудырады.

Сол себепті алдағы уақытта елдімекеннің ішінен немесе тұрғын үйлерге жақын жерден қандай да бір иіс шығаратын, халыққа жағымсыз құрылыс нысаны салынатын кезде, тұрғындардың келісімін алу керек. Көпшіліктің келісімінсіз салынған кез келген құрылыс нысаны, мердігердің есебінен бұзылуға жататынын заңмен бекітіп қоятын кез жетті. Сонда ғана қалталы кәсіпкерлер, бірнәрсені қолға алмас бұрын ойланады, халықпен кеңеседі. Әйтпесе олар ойына келгенді істей беретін болып алды.

Ержан Таханов, Шымкент қаласы.