Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Ботулизм — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Ботулизм

Ботулизм — тағамнан уланудың ауыр түріне жатады, кобіне адам өлімімен аяқталады. Ауру қоздырғышы CL. Botulinum 1896 жылы Голландияның ғалымы Ван Эрменген анықтаған. Бұл микробтар таяқша түрінде ауа жоқ жерде (анаэроб) спора түзгіш.

Ботулизм таяқшаларының 6 түрі бар: А, В, С, Д, Е, F. Ботулизм қоздырғышы қоршаған ортада кеңінен тараған; топырақта, өзен-көл суларында, өсімдіктерде. Құстар ботулизмнің  тарауында маңызды рөл атқарады.

Ботулизм адамдар арасында үй жағдайында консервіленген саңырауқұлактар, жеміс-жидектер, қақталған балықтан болады. Тамақ тағамының құрамында ботулизм қоздырғыштарының көп мөлшері және токсиндер жиналу үшін, бірқатар жағдайлар болуы керек- ботулизм спораларының тірі болуы, және осы жабылған (консервілген) ауасыз тағам ұзақ уақыт консервілерінің дайындау технологиясын сақтамау  (заттарының-уксус, тұз, және басқа жеткілікті мөлшерінің болмауы).

Ботулизм ауруының инкубациялық кезең немесе оны жасырын кезең дейді, бірнеше сағатта 2-5 күнге дейін, сирек жағдайда 10-14 күнге дейін созылуы мүмкін. Жасырын кезең  (инкубациялық кезең) қысқа болған сайын, ауру ауыр өтеді.

Ауру жедел, аяқ астынан басталады. Ауру басталған кезде ботулизмге тән емес белгілері болады немесе болуы мүмкін: жүрек айну, құсу, іш өту. Кейінірек ботулизмге тән белгілер байқалады: көз алдында «туман» «тордың» пайда болуы, қабақтың түсуі, тым әлсіздік, бастын айналуы, тамақтын және ауыз куысының шырышты қабағының кебірсуі ауруға тамағында бірдене тұрып қалғандай сезім тудырады, жұтыну кезінде ауырлық сезіну, дауыстың өзгеруі, сөйлеу кабілетінің бұзылып, дауыстың шықпай қалуы, кейінірек мүлдем жоғалуы. Ауруды тез арада ауруханаға жеткізу қажет. Ботулизмге қарсы поливалентті сары суы қолданылады.

Ботулизмнің алдын алу жолдары: ботулизмнің қоздырғышы қоршаған ортада кең таралған, сондықтан бұл аурудың алдын алу қиын. Көшедегі сауда орындарында үйде консервілеу өнімдерін сатып алмаңыз. Консервіленген өнімдерін салқын жерде сақтап, зақымдану және ісіну немесе ағып кету көріністері бар консервілерден бас тартып  жою қажет. Көкөністер мен жемістерді тұтынар алдында мұқият өңдеңіз.

Б.Исабекова,

Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің жетекші маманы.