Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ТӘРБИЕ ІСІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ – МАҚТААРАЛДА — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ТӘРБИЕ ІСІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ – МАҚТААРАЛДА

Сапалы білім беріп қана қоймай, ұлағатты ұстаз деген атқа дақ түсірмей, педагогтардың беделін айшықтауда өзіндік үлесін қосып жүрген мұғалімдер Мақтарал ауданында аз емес. Олар білім мен тәрбиені ұштастыра белігне, сапалы ұрпақ тәрбиесінде бұл екі саланың жетістікке жетелейтіні сөзсіз екенін ұғанғандар.

Жуырда Түркістан қаласында «Тәрбие ісінің үздіктері» тақырыбында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер және сынып жетекшілер арасында облыстық байқау өтті. Сол додада ауданның О.Бапышев атындағы №8 жалпы білім беретін мектебінің сынып жетекшісі Шепетова Мейрамкүл — жүлделі І орын иеленсе, ІІІ орын да Мақтаарал ауадындағы А. Пушкин атындағы №3 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зарипова Айгүлге тиесілі болды. Өңірдегі қаншама мектеп мұғалімдері арасынан оқ бойы озық шығып, облыстық байқауда жүлделі қос орынды иеленген мақтааралдық ұстаздардың мерейі үстем.

Бұл ғана емес, осы байқауда «Ізденімпаз тәрбие орынбасары» номинациясын аудандағы М. Өтемісұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алайдарова Индира Естуреқызы иеленді. Бұл үлкен табыс.

Мақтаарал ауданы білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Кошкаров жүлдегерлерді жеңісімен арнайы құттықтап, марапаттады. Бала тәрбиелеу ісіне шығармашылық табыстар тіледі. Мұғалімдердің беделін арттырып, мерейін көтеріп жүрген осындай әріптестердің көп болғаны жақсы. Өзгеге үлгі-өнеге.