Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Зорлық-зомбылықтың алдын алу керек — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Зорлық-зомбылықтың алдын алу керек

Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заңбұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Отбасындағы жанжалдың кесірінен болатын қылмыстардың жиілеп кетуіне қоғам алаңдаулы. Негізінен, қай халық та отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтуды жөн санамаған. Әрі «Бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» деген жазылмаған «заңдарымен» бекітіп қойған. «Ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі» деп үй ішіндегі дау-жанжалға араласудың орынсыз екендігін білдіреді. Зорлыққа төзімсіздік отбасында, баланың кішкентай кезінен бастап тәрбиеленуі керек. «Анасын көріп, қызын ал» дейміз. Өмір бойы таяқтан көз ашпай, үреймен күн кешсе де, «балаларым әкесіз өспесін» деген жалған намысты ұстанған ананың қызы зорлыққа қарсы тұра ала ма? Әкесі шешесін ұрып-соғатынын көріп өскен ұл өзі үйленгенде күйеу болудың жөні осы деп, жұдырығын ала жүгіруге бейім болатыны да рас. Осындайда, шыдамның да шегі бар және оның салдары да қорқынышты екенін айта кетуіміз керек. Осы орайда Шардара аудандық білім бөліміне қарасты Ш.Уалиханов атындағы мектептің базасында 8-19 сәуір аралығында «Білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында   «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының Түркістан облысы бойынша аға оқытушысы Танабаева Гүлмира Мұздыбекқызы 80 сағаттық курс өткізуде. Білім жетілдіру курсында біз «Зорлық-зомбылықтың алдын алу, түрлері және зорлық-зомбылық орын алған жағдайда болатын әрекеттер туралы, зорлық-зомбылықтың алдын алудың және білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидаттарын реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері мен құжаттары жайында білім алудамыз. Г.Танабаева Ғалымдар мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұрғысынан «Зорлық-зомбылық» ұғымын анықтау және салыстырмалы талдау, алдын алу мәселесінің өзектілігі жайында теориялық білім беріп қага қоймай, оны қолдану жолдарын практикалық жұмыстар жаау арқылы көрсете білді.  Буллинг пен кибербуллингке ұшыраған баланың мінез-құлық түрлері мен алдын алу жолдары жайында түсіндіре отырып, бейне баян арқылы ойымызды нақтылай білді. Агрессивті мінез-құлық белгілері мен шығу жолдары жайында айтып, күнделікті баламен қарым-қатынас, ата-анамен, мұғалімдермен жұмыс жасау түрлері мен теориялық негіздерімен  таныстырды. Біз бұл білім жетілдурі курсынан  зорлық-зомбылықтың түрлері және зорлық-зомбылыққа ұшыраған баламен жұмыс істеу мен ата-аналардың мектеппен байланысын нығайту жолдарын тереңірек түсіндік. Бала – ол біздің ең басты байлығымыз, оның  бүгіні тыныш, ертеңі жарық болуы үшін ата-ана мен мұғалімдер бірлесе жұмыс жасайық дегім келеді. Бізге осы уақыт аралығында өзінің біліктілігі мен білімділігін көрсетіп, жан-жақты біліммен қамтып, еңбек жолымызда азық болар мол дүниені бере білгені үшін «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының Түркістан облысы бойынша аға оқытушысы Танабаева Гүлмира алғысымызды білдіреміз. Құрметті Гүлмира Мұздыбекқызы еңбек жолыңызға толағай табыс пен отбасыңызға амандық тілейміз.

Гүлшат Кадырбаева,

 «Ақалтын» мектебінің педагог-психологы, Шардара ауданы.