Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ЕШКІМГЕ АЯУШЫЛЫҚ БОЛМАУЫ КЕРЕК — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ЕШКІМГЕ АЯУШЫЛЫҚ БОЛМАУЫ КЕРЕК

Бұрын Қазақстанда Президенттің туысқандары қылмыстық жауапқа тартылмайтын. Негізі бұл әділетсіздік еді. «Заң алдында бәрі тең» деп ұрандағанымызбен экс-президенттің туысқандарына аратықшылық берілгенін мойындауымыз керек. Әрине ол кісі қызметтен кеткен соң інісі де, құдасы да, келіні де ұсталып сотталды. Бірақ «неге солар ертерек жауапқа тартылмады?» деген сұрақ туындайды.

Мысалы, Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов көзі тіресінде үлкен қызы Гүлнараны үй қамаққа алдырды. Ал жуырда әлеуметтік желіде «Қырғыз елінің президенті Садыр Жапаровтың інісі Ұлан Жапаров алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, ұсталды» деген хабар тарады. Егер тараған сөз рас болс ,Бішкектің Первомай аудандық соты берген ақпаратқа сәйкес, сот 21 маусымда Бішкек бойынша ҰҚКМ ММ тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Ұлан Жапаровты 19 тамызға дейін қамауға алуға шешім қабылдаған секілді.

Тараған мәліметтер бойынша, Ұ.Жапаровты Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған. Ол Қырғыз президентінің өкілетті өкілін облыстардың біріне тағайындауға уәде беріп, ол үшін 100 мың АҚШ долларынан астам сыйақы алды деген күдікке ілініпті. Алайды ол уәдесін орындамаған.

Бұдан кейін басқалар қорқатыны, заңды бұзбауға, алаяқтық жасамауға тырысатыны анық. Яғни, өз бауырын аямаған Президенттің басқаларға жанашырлық танытпасы белгілі. Бұл жөнінен Қырғыз елінің басшысына қол соғып, құрмет көрсетуге болады.

Ал Қазақстанда қашан осындай ашықтық пен әділеттілік болады? Бізде Президент былай тұрсын, облыс пен қала әкімдерінің туыстарын жауапқа тарту қиын. Шымкенттің әкімі М.Әйтенов секілді, қашан оның қызметтен кететінін күтеді.

Сондықтан айтарым, заң бұзды ма, кім болғанына қарамастан жауапқа тартылсын. Басқаларға сабақ болу үшін бірінші облыс әкімдерінің, министрлердің, заң бұзып жатса президенттің де туыстарын ашық сот арқылы соттау керек. Әйтпесе «біздің елде сот тек әлсіздер үшін» деген түсінік қалыптасып кеткен секілді.

Н.БЕКМҰРАТОВА.