Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
207 мемлекеттің аты мен туын жатқа білетін балақай    — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

207 мемлекеттің аты мен туын жатқа білетін балақай   

  Мақтаарал ауданында тұратын Бағлан Әбдіғаппар әлемдегі 207 мемлекеттің аты мен туын жатқа біледі. Ол осы аудандағы  Ы.Алтынсарин атындағы №26 мектепте оқиды. Биыл 6-сыныпты бітіргелі жатыр. Бала күнінен түрлі мемлекеттердің тарихы мен халқы жайлы деректерді іздеп жүріп оқитын Бағлан осы дағдысымен енді олардың туын да ажырата алады.

Ұстаздарының айтуынша, Бағлан бала кезінен зерек, шет мемлекеттердің астанасы мен атауларын жаттауға 9-10 жасынан бастап қызығушылық танытқан екен. Содан бері дүние жүзі картасынан өз бетінше ізденіп, мемлекеттердің атауын жаттап жүр.

Айта кету керек, «Білімді ұлт – сапалы білім» ұлттық жобасы аясында мақтааралдық ұстаздар жас өрендердің білімге деген құштарлығын ашуға, оқып білуге деген талпыныстарын шыңдап, шығармашылық еркін ойлай білу мәдениетін қалыптастыруға бар күш жегерлерін жұмсауда. Нәтижесі де жаман емес. Ауданда Бағлан сынды жан-жақты білім алуға құмар балалар көбейіп келеді.

Бағланның дарынын алғаш байқаған – өзінің атасы Әбдіғаппар. Немересінің бойындағы ерекшелікті дамыту үшін ол қазір Бағланның соңынан ерген іні-қарындастарына да осы мемлекеттердің атаулары мен астаналарын орналасқан жері бойынша үйретуді әдетіне айналдырған. Әрдайым немересінің ынта-ықыласын дамытып отыруды қолға алған Әбдіғаппар ақсақал Бағланның бұл ерекшелігін одан әрі дамытып, көпке үлгі болса деген ниетте. Бұл орайда мектеп мұғалімдері де білімпаз балаға қолдау көрсетуге дайын.