Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Музейге – 80 жыл — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Музейге – 80 жыл

Мақтаарал ауданында облыстық Мақта шаруашылығы тарихы музейінің 80 жылдығы аталып өтті. Бұл аймақтағы шаруалардың ерен еңбегі мен жетістіктерін өскелең ұрпаққа үлгі етіп көрсететіндей мол мұраның шаңырағы. Еңбек адамының келбетінен бастап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзек болған мақта шаруашылығының тарихы терең. Сол толайым тархты көздің қарашығындай сақтап келе жатқан бірден бір киелі мекен ол аудандағы Мақта шаруашылығы тарихи музейі.

Биыл музейге 80 жыл толып отыр. Осынау айтулы датаны атап өтуге арналған сән-салтанатқа облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев, аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешенқұлова және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Мерейлі күнге орай «Мақта – ел байлығы» атты семинар өтті. Семинар барысында музей қызметкерлері «Мырзашөл тарихы сыр шертеді», «Мақта шаруашылығы тарихы» музейінің тарихы» және «Мектеп музейлерінің рөлі мен қызметі» тақырыптарында баяндама оқылып, таныстырылды.

Мерейлі күнге орай ұйымдастырылған шарада аудан өнерпаздары ән-күй орындап, кеш сәнін кіргізді. Сондай-ақ семинар қонақтары музейдің экскурсия залымен танысып, Жетісай аудандық музейінің көшпелі көрмесін тамашалады.

Атакент кенті «Достық» мәдениет үйінде өткен шара соңында музей директоры Асқар Тажибекеев құттықтау сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғысын білдірді. Сонымен қатар «Музей педагогикасы» кітабының тұсауын кесті.

Айта кетейік, Мақта шаруашылығы тарихы музейі 1944 жылы құрылған. Музей орналасқан ғимарат 1930 жылы салынған. Кейінгі экспозициясы 1946 жылдан басталып, қазіргі уақыт аралығын қамтиды. Мақтаны өлшеу құралдары, мақтадан алынатын өнімдер, ауданда қызмет атқарған адамдардың өмірінен мәлімет алуға болады. Әскери-патриоттық жұмыс музей ұжымының басты бағыты болып келеді. Қазіргі таңда музейде 10500 жәдігер сақталып, 15 қызметкер жұмыс атқарады.