Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ

Ол туралы не білеміз? Мақтаарал аудандық денсаулық бөлімінің мамандары осы сұрақ төңірегінде аудан тұрғандарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде әрбір емхана жанында Пациенттерді қолдау қызметі бар.

Олар қажет болған жағдайда МӘМС, сақтандырылушының мәртебесін қалпына келтіру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша кеңес бере алады.

Пациенттер бетпе-бет келетін проблемалық жағдайларды жедел шешу де осы қызметтер мамандарының міндеттеріне жатады. Қажет болған жағдайда олар ішкі аудит жүргізіп, оның нәтижелері бойынша Медициналық ұйымның әкімшілігі бұзушылық фактілерін анықтаған немесе растаған жағдайда тиісті шаралар қабылдайды.

Жасыратыны жоқ, аудан тұрғандары арасында тұл талаптарды білмейтіндер аз емес. Сондықтанда мақтааралдық дәрігерлер ПҚҚ қандай себеппен жүгінуге болатыны туралы егжей-тегжей түсіндіруге тырысуда.

Мысалы, шұғыл көмек алу үшін пациенттен сақтандырылған мәртебесі талап етіледі. Учаскелік дәрігердің болмауы себебінен қабылдаудан бас тартылады. Бейінді маманнан кеңес ала алмау, өйткені ол штатта жоқ немесе оған жазылу бір ай бұрын толтырылған болса, сізге МӘМС бойынша қолжетімді диагностикалық немесе зертханалық тексерулерге жолдама берілмесе, сізге жоспарлы тексеруді немесе бейінді мамандардан кеңес алуды 10 жұмыс күнінен артық күтуді ұсынады, алайда бірлесіп орындау шарты бойынша басқа медициналық ұйымдарға жібермесе, учаскелік дәрігер / медбике немесе фельдшер сіз осы емханаға аумақтық принцип бойынша тіркелген болсаңыз да, үйде шақыру қызметін көрсетпесе осы талаптар бойынша шағымдана аласыз.

Жүргізілген зерттеудің нәтижелерімен таныстырмаған болса, қабылдау кезінде дәрігер дөрекілік танытып, өзін дұрыс ұстамады немесе медициналық этиканы бұзды дейтін болсаңыз да сіздің құқыңыз қорғалатынын ұмытпаңыз.

Мысалы, сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбадыңыз делік, диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданасыз, өзіңіздің медициналық жазбаларыңыздан қате мәліметтерді немесе қосып жазуларды байқадыңыз бұл кезде де сіз заң аясында шағым жасауға құқылысыз.

Жалпы медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның жұмыс сапасына көңіліңіз толмаса, ТМККК және МӘМС пакеттерінде медициналық көмек алумен байланысты мәселелер бойынша мәселе көтеруіңізге болады.

Егер сіздің мәселеңізді пациенттерді қолдау қызметі шешпесе, әрқашан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына: fms.kz ресми сайты, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы, qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot байланыс арналары арқылы жүгіне аласыз.