Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
КӨКПАРСАЙДАҒЫ КӨПІР ЖӨНДЕЛУДЕ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

КӨКПАРСАЙДАҒЫ КӨПІР ЖӨНДЕЛУДЕ

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «СК Дар» ЖШС тарапынан Мақтаарал ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-78 «Атакент-Кеңесшіл-Есентаев» автомобиль жолының 13+760 шқ көпір (Көкпарсай е/м кіреберіс) күрделі жөндеуден өткізілуде.

МЕМЛКЕТ БАСШЫСЫ Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау, көлік-логистика саласынының қызметін жақсарту жұмыстары барысында ауданда бірқатар жобалар қолға алынған. Оларды жүзеге асыруда қарқынды жұмыс ырғағы қалыптасқан. Соның бір дәлелі осы Көкпарсайдағы көпір құрылысы.

Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көпірдің ұзындығы 40 метр, ені 13,5 метрді құрайды. Қазіргі уақытта, көпірдің тірек қадаларын қағу жұмыстары жүргізілуде.

Көпір құрылысы 2025 жылға өтпелі. Жөндеу жұмыстарының сапасы тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Регион Технадзор» ЖШС және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы филиалы тарапынан тұрақты бақылауда.