Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
МЕШІТТЕ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

МЕШІТТЕ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы орталық Абдул Әкім мешітінде кітапхана ашылды. Бұл іске Мақтаарал ауданы орталық кітапханасы да мұрындық болды. ҚМДБ-ның Бас муфти хазреттің тапсырмасына орай ашылған кітапхананың аз күнде оқырманы қалыңдап келеді.

Кітапханаға оқырмандар қызыға оқитын көркем әдебиеттермен қатар, сала бойынша әдебиеттер орналастырылды. Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары, поэзия, тарихи кітаптармен толықтырылды. Кітапхана  күнделікті оқырман қабылдауға дайын.

Мешіттегі кітапхананың ашылу салтанатына аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Бабашев, аудандық Абдул Әкім мешітінің бас имамы Нұржан Аманұлы, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Тәтеев, МАОКЖ нің басшысы Г.Ақбаева қатыстып, ізгі тілектерін айтты.

Жалпы өскелең ұрпақты кітап оқуға насихаттау, білімге ұмтылу мәдениетін қалыптастыруда мұндай игі шаралардың алар орны орасан зор. Мешіт жамағаты да жастардың терең білім алып, кітап оқып,  зерек болуына мүдделі. Діни насихат уағыздарда да имамдар мұны жиі тілге тиек етеді.

Кітап оқудың пайдасы жайлы ақпараттар беруде кітапханашы мамандар да қарап қалмауда. Мысалы, кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі. Жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Кітап оқыған адам талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйренеді. Көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі де кітап оқуда жатыр.

Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрететін де кітап. Әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда да кітап оқудың пайдасы зор. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады. Адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады.