Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Мамандар кеңес беруде — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Мамандар кеңес беруде

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 11- жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы жаппай екпе салу жұмыстары басталады. Осыған орай Мақтаарал аудандық денсаулық сақтау бөлімі басшылығы сала мамандарына тұрғындар арасында бұл аурудың шығу тегі мен емделу жолдары жайлы кеңінен насихаттық жұмыстар жүргізуге тапсырма беріп отыр.

Ең алдымен бұл АПВ несімен қауіпті және алдын алудың маңыздылығы қандай? Мақтааралдық дәрігерлер аудан тұрғындарына осы тұрғыдан егжей-тегжей түсіндіру жұмыстарына кірісіп кетті.

АПВ-ға қарсы вакцинация онкологиялық аурулардың 82% құрайтын жатыр мойны обырының алдын алу болып табылады. ДДҰ АПВ вакциналарын барлық ұлттық иммундау бағдарламасына енгізуді және 2030 жылға қарай 15 жасқа толғанға дейін барлық қыздардың 90% вакцинациямен қамтылу қажеттігін ұсынады.

Айта кету керек, жатыр мойны обыры (ЖМО)  жылына 340 000 нан астам әйелдің өмірін қиятын, әлемдегі ең көп таралған, өлім-жітім бойынша 4-ші онкологиялық ауру. Қазақстан Республикасында  ЖМО әйелдердегі барлық қатерлі ісіктердің ішінде 2-ші орында тұр. Елімізде жыл сайын 1600 жағдай анықталса, 500 әйел осы патологиядан қайтыс болады. Бұл дегеніміз күніне 2 әйел көз жұмады деген сөз.

Ал, 2022 жылы Түркістан облысында бұл дерпен сырқаттанушылық көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен төмен 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 5,2 құрады. (2020жылы 6,3). ҚР ДСМ АПВ ға қарсы вакцинаны жалпыұлттық енгізуді жоспарлап отыр. Иммундауды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге лицензиясы бар заңды тұлғалар жүргізеді. Балаларды вакцинациялау ата-аналарының ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.  Елімізде жасөспірімдерді мектепте вакцинациялауды енгізу тәжірибесі ҚР ДСМ және Білім министрілігі арасындағы ынтымақтастықты көрсетті. Ата-аналардың көпшілігі мектептерде вакцина алуды қолдайды.

Вакцинаны енгізудегі үлкен мақсаттың бірі елімізде жатыр мойын обырымен сырқаттанудың, сондай-ақ адам папилломасы вирусымен байланысты өзге де қатерлі ісіктердің жиілігін төмендету. Қолданылатын төрт валентті вакцина әлемнің жүздеген астам елі тәжірибеден өткізген,  ДДҰ тарапынан мақұлдаған денсаулыққа  ешқандай кері әсері жоқ, қауіпсіз екпе болып табылады.