Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
ГЕНЕРАЛ АСҚАРОВ… — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

ГЕНЕРАЛ АСҚАРОВ…

  • Тұлға тану

 

Күй өнері саласында, Созаққа ғана емес, исі Қазаққа есімдері кеңінен танымал үш ТҰЛҒА бар. Олар-Төлеген Момбеков, Файзолла Үрмізов және Генерал Асқаров. Мектептің соңғы сыныптарында оқып жүргенімде, Төкеңннің біздің үйде бірнеше рет болып, күй тартқанын, дәл қарсы алдында отырып көріп-тыңдағаным бар еді. Ал, Файзағаңды бірнеше рет көріп, амандасып-сөйлесіп жүргенім болмаса, тартқан күйін тыңдау бақыты бұйырмапты.

Бұл кісі, менің туған жиен ағам, яғни менің әкем Елбергеннің туған әпкесі Аманкүлден туған жалғыз ұл еді… Ол кісіні біз, Тәте деуші едік те, енді Тәтем жайында әңгіме қозғап кетсем, ол әңгіме жуық арада таусыла қоймас…

Ұлы Сүгір күйшінің шәкірттері атанған 3 тұлға да-ұлы күйшілер және енді қайтып қайталануы қиын күйшілер. Ол кісілер жайында аз жазылған жоқ, жазыла да жатар. Бұл кісілердің күй орындау мәнері, қағысы, домбыраның пернесін әр басқандағы әр алуан ерекшеліктері жайлы сөз қозғап әуре болмай-ақ қояйын, себебі мұндай құдірет иелерінің бейнесін дәл кескіндеп, шеберліктерін көрсете білу үшін-ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВ болып туылу керек…Тек бұл жерде, Әлемдік деңгейдегі энциклопедиялық білім иесі, өнердің қай саласы болсын, төгілтіп сөйлей жөнелгенде, асқан білімділікпен, сол саланың өздерінің мамандарына айтарға уәж қалдырмаған, Асқар Сүлейменовтің, Генерал Асқаров жайлы бір-екі ауыз пікірін келтіре кеткенді жөн көрдім. Мектепті бітірер жылы, маған Тәтем-яғни Генерал Асқаров, Асекеңнің «Бесін» кітабын көрсетіп, онда автордың Өзіне арнап жазған автографымен таныстырған еді. Онда «Қолына домбыра ұстағанда, қабірдегі қайран Сүкеңді аударып түсіретін-Генералға!» деп жазылып, соңына А. С. деп қолы қойылған екен. Кейініректе «Менің ойымша, Сүгірдің аруағы бір-ақ адамға-Генерал Асқаровқа қонған. Ол аз десеңіз айтайын, Генерал-тіріліп келген Сүгірдің өзі…» деп жазды. Мен бұл жерде аттары аталған үш құдіретті күйшіні, бірін төмен, бірін жоғары қойғалы отырғаным жоқ, тек Асекеңнің, Тәтеммен замандас болып, Алматыда студенттік шақтары бірге өтіп, алдыңғы екі күйшіге қарағанда, Тәтемді көбірек тыңдағандығынан туындаған ой-шешім-қорытындысы болуы да мүмкін… Кейін Тәтемнен, Асекеңнің «Бесін» кітабын оқымаққа сұрап алып, ішіне «Бесатар» хикаятымен қатар, «Ақ кемпір», «Қара шал» әңгімелері енген екен, біраз «қаужап» көріп, түгіне де түсінбей өзіне қайтарып бергенім есімде…Бірақ сәл кейін, Асекеңнің, сол аталған туындылары мен қатар, «Адасқақ»,

«Ситуация», «Кек» драмалық дүниесі мен, «Шашылып түскен тіркестеріне» дейін, бірнеше жылдар бойы қолымнан тастамай «қойныма алып» жатар дүниелерге айналарын, мен ол кезде білген жоқ едім…Ал енді, Асекеңнің маған тигізген бір «зияны», әр сөйлемін оқып байыбына барам дегенше миың «сынып» кете жаздайтын, ол кісінің сол шығармаларынан кейін, мен, Асекең алмай кеткен Мемлекеттік сыйлықты иемденіп алған «сайыпқыран» жазушылармыздың жазған, том-том «өте түсінікті» кітаптарын, «түсіне алмай» қалғандығым болды… Жалпы мен, Асекеңмен 2 рет кездескен екенмін, енді ол жайлы жазып уақыттарыңызды алмай-ақ қояйын. Десе де, есте қаларлық кездесу болғаны анық еді…Бұл ұзақ әңгіменің айтылуына себепкер болған жәйіт, мына Толғанай Хасенова деген қарындасымыздың күйін қайталап тыңдағаннан кейінгі алған, жан тебірентерлік әсер еді. Күйді орындағандағы өзін еркін ұстауы, әсіресе домбыраның қос ішегін қалқыта қағысы, Тәтемді қатты еске салғандықтан, сіздермен ол жайлы бөлісіп қоюды жөн көрдім.

Сәбит Елбергенұлы

Созақ ауданы.