Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Дәрігерлер түсіндіру жұмыстарын жүргізуде — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Дәрігерлер түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Мақтарал ауданы Атакент кентімізге қарасты Береке ауыл округінде А. Байтұрсынов, Т. Бигелдинов аьтындағы мектептерде, «Мәдениет» жалпы білім беру мектебінде аудан дәрігерлері Адам папиллома вирусы бойынша ата-аналар мен мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын  жүргізді.

Айта кету керек, 2024 жылдың күзінен бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізілетін болады. Ол вакцинация мектептерде немесе тіркелген мекен жайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді. Вакцинаның құрамында ағзаға түскенде иммунитетті белсендіретін жекелеген вирус ақуыздары бар. Өз кезегінде иммундық жүйе жасушалары мен адам папилломасы вирусымен күресуге бағытталған антиделерді өндіреді. АПВ-ға қарсы вакцина әйелдердің репродуктивті қызметіне ықпал етпейді және бедеулікке себеп болмайды. Ол әлемнің дамыған елдерінде көп жылдық клиникалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген.

Вакцина салғаннан кейін иньекция орнының ауырсынуы, қызаруы және ісінуі немесе болмашы қызба сияқты ағзаның жеңіл түрдегі реакциясы болуы мүмкін. Олар әдетте бірнеше сағаттан бір күнге дейін созылады. Бүгінгі таңда АПВ емдеу жолы жоқ, алдын алудың бірден бір әдісі — вакцинация. Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының шамамен 1900 жағдайы тіркеледі. 600 – ден астам әйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады.

Біздің елімізде жатыр мойыны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың түрі болып табылады. Жатыр мойны обыры Қазақстанда 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі ісік түрлерінің ішінде 2-ші орында. Жатыр мойны обырының қалай алдын аламыз? Аталған жас аралығындағы әйелдер жаппай скринингтен өтуі керек. Оның қатерлі ісікке дейінгі анықталған зақымдануларының 90 пайызы емделеді.

Адам папиллома вирусы (АПВ) – тері мен шырышты қабаттардың эпителийіне әсер ететін өте кең таралған вирустар тобы.  Оның 14 түрі онкогенді, яғни онкологиялық аурулардың дамуына әкеледі.

«Адам папиллома вирусы ауруынан сақтаныңыздар, қыз балаларыңызды, яғни болашақ аналарымызды осы аурудан екпе жасату арқылы қорғауға кеңес береміз» дейді дәрігерлер.