Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
 Ұсталып жатыр… — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

 Ұсталып жатыр…

«Асаймын» деп тұзаққа түсіп, тұсауланып жатқандар аз емес қой. Десе де содан сабақ алмайтындардың қарасы әлі де көп пе дерсіз. Әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз да жымқырамын деп, сыйластығы сыбайластыққа ұласқандардың сыбағасын беріп жатқан жұрт. Оны да місе тұтпағандар «мінсізбін» деп жүріп сүрініп қалғанын білмей қалуда.

Осы аптада шымкенттік ҰҚКД-нің қызметкерлері Полиция департаментінің қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығын және полицияның аға лейтенантын аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін ұстады. Қосақталған екі сабаздың келтірген шығыны — шамамен 370 миллион теңге делінуде. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі «Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша қатаң шаралар қабылданады және кінәлілер заңға сәйкес жазаланады. ІІМ кез келген құқықбұзушылыққа төзбеушілік бойынша қағидатты ұстанымда» деген ақпаратты таратты.

Осы кезде Астанада нән қаланың мәдениет басқармасын басқарғанда елге кеңінен танымал болған тұлға Болат Мажағұловтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Қырықтан енді асқан азаматтың лауазымды қызметтер атқарып, жинаған беделі бір демде бес тиын болды. Ол Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы қызметінен соң 2019 жылдың 29 шілдесінен бастап ұсталғанға дейін ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып келген-ді. Қылмысы сол бұрынғы қызметіне байланысты, яғни «Мәдениет басқармасы» ММ-ін басқарып тұрғанда мердігер ұйым өкілдерімен бірігіп, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша болып отыр. Соталды тергеу амалдарының мәліметі бойынша Б.Мажағұлов 2016 жылы Астана күні мерекесіне орай салынған «Күн» (Есіл өзеніндегі жарық-иллюминациялық және от шоуы) субырқағының құрылысы кезінде мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілмей тікелей келісімшарттар жасаған. «Субұрқақ жобалық құжаттамасыз және мемлекеттік сараптамадан өтпей салынған» делінеді.

Сапасыз құрылыс материалдарынан салынғандықтан аталған нысан 2017 жылдан бастап жұмыс істемейді екен. Қазір тіпті апатты жағдайда тұр.

– Ұрланған қаражаттың көлемі 1 миллиард теңгеден асып отыр. Күдікті, Астананың «Мәдениет басқармасы» ММ-нің бұрынғы басшысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу аясында оның мүлкіне тыйым салынды. Оның ішінде 3 коммерциялық нысан, 2 автотұрақ орны және Астана қаласындағы премиум санаттағы пәтер. Аталған іс бойынша күдіктілердің мүлкіне жалпы сомасы 572 миллион теңгеден астам сомаға шектеу қойылды», — делінген ресми хабарламада.

Осы аптада «бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев және Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекпен «байланысты болған» «Болашақ» консалтингтік тобы» ЖШС бас директоры Сағидолла Баймұрат тергеуге алынды» деген хабар жетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми ақпаратында «Жоғары аудиторлық палата әділет министрлігінде және компанияда қарама-қарсы тексерістер жүргізген. Қорытынды әзірге құпия болып отыр, ал материалдар қылмыстық іс аясында тәркіленді. Бұған дейін «Болашақ» консалтингтік тобы молдовалық бизнесмендер Габриэль және Анатол Статиге қарсы істі қоса алғанда Қазақстанның сырттағы мүддесін білдіретін еді. «Акжол» партиясының басшысы Азат Перуашев бірде компанияның жылына $60 млн алатынын айтып қалған еді. Қазақстандық БАҚ бұл фирманы бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевпен және Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбекпен байланыстырады», — делінген.

Естеріңізде болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы шешімінен кейін Бекетаев сыбайлас жемқорлық ісімен бірден ұсталған еді. Құзырлы орган қызметкерлері «Бекетаев қазір қаңтар оқиғалары ісі бойынша жазасын өтеп жатқан ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке жақын болған» дегенді айтуда. Ал, М.Бекетаевтың кеңесшісі болған, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының экс басшысы Талғат Татубаев жайлы «бұрынғы сенатор Қайрат Қожамаровпен бірге бірқатар атышулы қылмыстық істерге қатысы бар» деген ақпарат тараған. Сол-ақ екен, ол елден қашуға оқталған сәтте қолға түсті. Жалпы алғанда «антикор» Бекетаевқа 1 млрд теңгеден астам көлемде шығын келтіру айыбын тағып отыр.

Дәл осылай талайлар ұсталған. Ұсталып та жатыр. Әттеген-айы сол, олардан сабақ алғандар болсашы. Сабақ алса қылмыскерлер азаяр еді ғой…