Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Науқастың сақтандыруы болмаса, не істеу керек?     — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Науқастың сақтандыруы болмаса, не істеу керек?    

Қол жетімді жолдарды қолдана отырып, қарыздардың бар-жоқтығын және мерзімдерін тексеру керексіз. Егер қарыз болсаңыз, оны төлеу немесе жою қажет, бірақ қарастыратын уақыт алдыңғы 12 айдан аспауы керек (мысалы осы жылдың қыргүйек айынан келесі жылдың қыргүйек айныа дейін).

Сақтандыру мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде беріледі.

Егер адам жеке кәсіпкер болса, өзі төлесе, онда қарызды дербес төлеуші ретінде төлеуге болады

Егер қарыз жеке кәсіпкерден (ЖК), шаруа қожалығының (ШҚ) иелерінен, жеке практикамен айналысатын адамдардан, қызметкерден немесе азаматтық -құқықтық келісімшарт бойынша жұмыс жасайтын адамнан анықталса, онда сіз төлемдердің мәртебесін тексеруіңіз керек. Жіберілген төлемдердің мәртебесі, ол қайтарылған болуы мүмкін, содан кейін сіз қарыз бен пайыздарды төлеуіңіз қажет.

Егер төлемдер қате түрде басқа мерзімге төленсе немесе төлем құжаттары дұрыс рәсімделмесе, сіз бұл кезеңдердегі ақшаны қайтара аласыз. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-на өтініш жазу, қатенің себебін көрсету және өтінімге төлемді растайтын құжаттарды тіркеу қажет.

Тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктердің балаларына медициналық көмек көрсету               

ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктердің балалары ҚР азаматтарымен тең дәрежеде барлық құқықтарға ие. Олар жеңілдік санатына кіре алады және медициналық көмекті толық көлемде ала алады

Балаға тұруға рұқсатты қалай алуға болады?

ҚР-да тұруға рұқсат беру туралы бекітілген Ережеге сәйкес, 20-тармақ

«20. Шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхат ҚР-ның аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге он алты жастан бастап қолданылу мерзімі он жылға, бірақ олардың азаматтығы елінің паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі»

Мемлекеттік қызмет стандартында 16 жасқа толмаған балалар туралы ақпаратты ата-анасынан ЫБШ алуға өтініш берген кезде қосу көзделген

Егер бала ата-анасы тұруға ықтиярхат алғаннан кейін дүниеге келген болса, көші-қон қызметіне баланы ата-анасының/ата-анасының тұруға ықтиярхатына «байланыстыру» туралы өтініш беру қажет.

 

Бақберген Кабилбеков,

«Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасының СӨСҚ маманы.