Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
МОБИЛЬДІК ТОПТАРДЫҢ ӨҢІРЛІК СЕМИНАРЫ ӨТТІ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

МОБИЛЬДІК ТОПТАРДЫҢ ӨҢІРЛІК СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік және жекеменшік нысандағы мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер, ашылу туралы «online» форматында семинар өтілді. Семинарға мектепке дейінгі ұйым басшылары мен әдіскерлері, мобильдік топтар жетекшілері қатысты. Семинар жұмысын бөлімнің мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиеге жауапты әдіскері С.Ибрагимова жүргізді. Консультациялық пункттердің, мектеппен сабақтастық жұмысына тоқталып, олардың қызметін ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар берді.

Ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған консультациялық пункттің жұмысы білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын іске асыруға, мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Мақсаты –мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.

* мектеп жасына дейінгі баланың жан-жақты дамуы мәселелері бойынша ата- аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік көмек көрсету, мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіруге ықпал ету;

* ата-аналарға (заңды өкілдерге) бір жастан бастап бірінші сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды тәрбиелеу, оқыту мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;

* ата-аналарға (заңды өкілдерге) диагностикалық көмек көрсету, мектеп жасына дейнгі балалардың дамуындағы мәселелерді анықтау және диагностикалау;

* мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімі, психологиялық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алу;

* мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпараттық қолдау көрсету;

* тәрбиеленушінің толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен тығыз ынтымақтастық орнату болып табылады. Негізгі міндеттерді басшылыққа алып хабарландыру жасап, ата-аналармен жұмыс жүргізу ұсынылды. Мектепке дейінгі ұйымдарды білім беру ұйымдарымен синхрондау әрекеттері туралы да тоқталып өтті. Оқу тәрбие процесінде динамикалық дамытушы балабақшалармен мектептерді бекіту, білім беру ұйымдарына барып 1 сыныппен байланыс жасау, жұмыстарын жандандыру тапсырылды. Семинарда педагогтерге мектепке дейінгі білім беру саласындағы сындарлы ұсыныстар талқыланып пікір алмасты.