Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 200 ОРЫНДЫ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 200 ОРЫНДЫ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1 қыркүйек – Білім күніне орай Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Өркениет елді мекенінде 200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Аудан әкімі Бақыт Асанов жаңа мектепте өткен «Алғашқы қоңырау» салтанатты іс-шарасына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды білім күні мерекесімен құттықтады.

–Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қиындығы мол еңбекте тың табыстарға қол жеткізулеріңізге тілектеспін! Бүгінгі оқушыларымыздың ата-бабамыздың елі мен жеріне деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, білімді әрі ой өрісі кең азаматтар болып өсетініне сенімдімін! — деді, Бақыт Насырханұлы.

Аудан басшысы жылдан-жылға білім нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа озық технологиялармен жабдықталып жатқанын да атап өтті. Ауданда көптеген білім нысандарының құрылысы жүріп, жаңа әрі заманауи мектептердің қатары жылдан жылға көбейіп жатқанын жеткізді. Мәселен, Мақтаарал ауданы қайта құрылғалы 6 жыл ішінде 20-дан астам жаңа мектеп ғимараты пайдалануға беріліпті.

«Мектеп – білім ордасы, алтын ұя. Мектеп қашан да жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы екені баршамызға белгілі. Бүлдіршіндердің бойына үнемі ізгілікті дарытып, болашаққа жол сілтейтін ұлағатты  ұстаздар екеніне ешкімнің таласы жоқ. ХІ ғасырда өмір сүрген ғұлама Жүсіп Баласағұн:

«Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар», — деп ұрпағынының аспан әлемін бағындыратынын болжап кеткен, яғни болашақ білімділердің заманы болатынын 10 ғасыр бұрын айтқан болатын.

Білім — әрбір адамға берілген баға жетпес байлығы. Жылдан-жылға білім нысандарының материалдық-техникалық базасы нығайып, жаңа озық технологиялармен жабдықтау жүзеге асуда» деген аудан басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 санды қаулысы негізінде «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында аудан аумағына 5 жайлы мектеп құрылысы жоспарланғанын атап өтті.

Қазіргі таңда 2023-2024 жылдары Атакент кентіндегі 1500 орындық және Үлгілі елді мекенінен 600 орындық  жайлы мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сонлдай-ақ, 2024-2025 жылдары Атакент кентінен 900 орындық және Жамбыл ауылдық округі, Абай елді мекенінен 900 орындық мектептердің құрылыс-монтаж жұмыстары басталатын болады.  Қазіргі таңда жалпы 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр, тағы 3 мектептің құрылысы басталады.

Оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау мақсатында биыл  күрделі жөндеуді қажет ететін 19 білім нысаны бойынша (17 мектеп, 1 жазғы лагерь, 1 УПК)   облыстық бюджеттен 126 млн. 772 мың теңге қаржыға жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, сараптамалық оң қорытындысы алынды. Оның ішінде, 2024-2025 жылдарға А.Пушкин, Қ.Сәтпаев, М.Тұрсын-Заде атындағы жалпы білім беретін мектептер үшін 2 696 266 612 теңге қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, «Шұғыла», С.Рахымов, Ғ.Мүсірепов, Х.Доспанова сынды төрт мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 228,03 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде екен.

Айта кету керек, бұған дейін Өркениет ауылында мектептің болмауына байланысты 280 оқушы 2-3 шақырымда орналасқан Қ.Пернебаев ауылындағы №34 «Бірлік» және Қоңырат ауылындағы №35 «Болашақ» жалпы орта мектептеріне қатынап білім алып келген еді.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесуінде ауыл тұрғындары мектеп мәселесін көтерген болатын. Осыған орай, оқушыларға білім беру сапасын көтеру және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, Түркістан облысының Құрылыс басқармасының тапсырысымен 2022 жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталған болатын. Бүгінде өркениеттіктер облыс басшысы мен аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіруде.

Жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Ғимаратта физика, химия, информатика, технология кабинеттері, мультимедиялық және лингафондық кабинеттер соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталған. Сондай-ақ кітапханасы, спорт залы, асханасы бар. Жалпы мұнда оқушылар түрлі спорт, өнер және қолөнер үйірмелеріне қатыса алады. Нысанның қасбетіне де, жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінген.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында аудан аумағына 5 жайлы мектеп құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда 2023-2024 жылдары Атакент кентіндегі 1500 орындық және Үлгілі елді мекенінен 600 орындық жайлы мектептің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 2024-2025 жылдары Атакент кентінен 900 орындық және Жамбыл ауылдық округі, Абай елді мекенінен 900 орындық мектептердің құрылыс-монтаж жұмыстары басталғалы тұр.  Қазіргі таңда ауданда жалпы 6 мектептің құрылысы жүріп жатса, тағы 3 мектептің құрылысы басталады деп күтілуде.