Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

2024 жылы он сегізінші қыркүйек күні Мақтаарал ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен Республикалық «ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ» байқауының аудандық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты –Тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелерін, әдістерін, технологияларын анықтау, танымал ету және тарату. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асырудағы инновациялық озық тәжірибені тарату.- тәрбиенің ролін арттыру, тәрбиенің технологияларын, жүйесін және жаңа түрлері мен әдістерін анықтау- сынып жетекшілерінің білімдері мен тәрбие берушілік деңгейлерін дамыту.

Байқаудың шарттары бойынша бірінші (аудандық) кезеңге қатысу үшін үміткер ұстаздар электронды форматта келесі арнайы материалдарды  тапсырды. Байқауда бақ сынап көрмекке өз өтініштерімен қатар ұстаздық еңбек жолындағы жетістіктері, еңбек өтілі туралы ақпарат берген үміткерлер аз болмады.

Креативті сынып сағатын өткізу жоспары және оның өткізілуі туралы бейнероликтің де бірінен бірі өткен тәлімді, мазмұнды болғаны рас.  Ұсынылған «Қауіпсіздік сабағы» тақырыбы бойынша С.Рахымов, Береке, Абылайхан, Қ.Қайсенов, Қ.Мүсірепов, Тұяқбаев, Сәтбаев атындағы мектептің ұстаздары жүлделі орындарды иеленді.

Байқау қорытындысы бойынша аудандық кезеңнен С.Рахымов атындағы жалпы білім беру мектебінің 8-сынып жетекшісі Байжанова Айгул «Үздік сынып жетекшісі – 2024»  байқауында 1 орынды иеленіп, байқау жеңімпазы ретінде облыстық кезеңге жолдама алды. Енді ол Мақтаарал ауданының намысын облыс бойынша сынға түскен ұстаздар арасында қорғайтын болады.

ҚР Президенті Қасым –Жомарт Кемелұлы  Тоқаев өз Жолдауында білім беру жүйесіне ерекше  тоқталғаны белгілі. Жолдауда айтылған міндеттер мен тапсырмалар білім  беру саласы қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік  жүктейтіні белгілі.

Ел экономикасының  тағдыры білікті мамандарға байлынасты болса, сол білікті, арлы, жауапкершілігі жоғары азаматты тәрибелеу бүгінгі мектептің міндеті.  Сондықтан, бәсекеге қабілетті  маман дайындау- білім беру ошағының басты мақсаты. Оны жүзеге асыратын жаңа формациядағы мұғалім, яғни  ізденімпаз, жасампаз, шығармашыл ұстаз.

Бұл орайда Мақтаарал ауданында ауыз толтырып айтар іс-шаралар аз емес. Мысалы, жуырда ауданда мақсатты мектептердің бір күндік жұмыстары сараланды. Атап айтқанда 2024 жылдың 16 қыркүйегінде әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес «Нысаналы мектептер» жобасына енген білім беру ұйымдары басшыларымен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және негізгі пәндер бойынша шығармашылық топ жетекшілерімен білім беру процесін жақсарту мақсатында мектептермен өзара әрекеттесу кездесуі өтті.

Кездесу барысында нысаналы мектептің жалпы сипаттамасын, білім алушылардың білім жетістіктерін талдауды, кадрлық қамтамасыз етудің ағымдағы жай-күйін, оқу ортасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы мен сапасын талдауды, сондай-ақ нысаналы мектептердің жоспарлары бойынша айтылды.

Шығармашылық топ мүшелерін арнайы дамытушы топтарға біріктіріп, білікті ұстаздарды жас мамандарға тәлімгер етіп бекіту жоспарланды.

Кездесу барысында нысаналы мектептердің жұмыс жоспары, оқушылармен жұмысты жетілдіру, мектептің жеке портретін әзірлеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кету керек, Мақтаарал ауданында 57 мектеп оқу-тәрбие процесімен қамтылған. Оның 56-і — жалпы орта, 1-і — негізгі орта мектеп. Сонымен бірге аудан көлемінде «Оқу өндірістік комбинаты» және «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» жұмыс істейді.

Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында пәндік және спорттық үйірмелер жұмысын қарқындата түскен. Одан бөлек жиырмаға жуық дебаттық клубтар ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілді.

Жоғарыда атап өтілген мекемелерде төрт мыңға жуық педагог оқу-тәрбие жұмыстарымен айналысады. Оның 96,6% — жоғары, 105- арнаулы орта білімді мамандар.

Мұғалім дәрежесінің негізгі көрсеткішінің бірі – оның біліктілік санаты. Ауданда Педагог-шебер; Педагог-зерттеуші; Педагог-сарапшы;  Педагог-модератор мамандар саны жыл өткен сайын артып келеді.

Мұғалімнің заман талабына сай білімді, білікті болу үшін кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып отыруы қажеттілік. Бұл орайда мақтааралдық ұстаздар білікті арттыру үшін түрлі курстық оқыу-тәжірибелік сынақтардан өтуден аянып қалған емес.

Нәтижесі де жоқ емес. Жоғарыда айтып өткен жетістіктер аудан ұстаздарының біліктілігі мен шеберлігінің арқасында қол жеткізілген табыстар.