Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Қант мөлшерін анықтау міндетті болуы тиіс — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Қант мөлшерін анықтау міндетті болуы тиіс

Әр ғасырдың өз індеті болады. Бір кездері оба, чума, туберкулез, ковид қауіпті ауруға саналды. Бүгінде оның бәрінің алдын алып, ауырғандарды емдеп жатыр. Алайда, қант диабетін мен қазіргі заманның қауіпті ауруына жатқызар едім. Мұны мамандар да мойындайды. Ғылым қанша жерден дамып кетті дегенімізбен дүние жүзінде бұл ауруға қарсы ем табылар емес.

Ресми мәліметке жүгінер болақ, жылына 700 мыңнан аса адам қант диабетінің салдарынан көз жанарынан айырылып, соқыр болып қалады екен. Себебі ауру бірінші кезекте көзге ұрады. 500 мыңнан аса науқас гемодолизге отырады. Осыған қарамастан отандастарымыз бұл ауруға немқұрайлы қарауды тоқтатар емес. Сондықтан медициналық хаттамаларда қант диабетіне деген көзқарасты өзгертсе деймін.

Айталық, адамдарды жыл сайын өкпесін тексеру үшін флюографияға түсіреді. Бұл міндетті. Туберкулез жұқпалы болатындықтан мұны қолдаймын. Бірақ, неге қауіпті екені белгілі болса да қандағы қант мөлшерін анықтау осы секілді мәжбүрлі түрде жүргізілмейді? Соның салдарынан көптеген адамдар қандағы қант мөлшерінің көтеріле бастағанын алғаш байқамайды. Ал асқынғанда бәрі кеш болады.

Біз дені сау ұлт, қоғам қалыптастырымыз десек, бірінші кезекте денсаулыққа айрықша көңіл бөлуіміз керек. Әрбір адам жұмысқа қабылданарда және белгілі бір жасқа толғанда дәрігерлік тексеруден өтеді. Міне, сол тізімге заңмен бекітіп, қант диабетін де қосу керек. Бізде көп жағдайда адам ауруы асқанған жағдайда ғана дәрігерге көрінуді әдетке айналдырған. Бұл дұрыс емес. Ауруды емдегеннен алдын алған тиімді екені дәлелденген дүние.

Хасен Тұрлыбеков,

Отырар ауданы.