Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/class-wp-token-map.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/l10n.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/query.php on line 1

Warning: Uninitialized string offset 0 in /var/www/vhosts/nysana.kz/old.nysana.kz/wp-includes/rest-api/endpoints/class-wp-rest-users-controller.php on line 1
Дәрігерлер ескерту жасап жүр — Nysana.kz — Ақпарат агенттігі

Дәрігерлер ескерту жасап жүр

Мақтаарал аудандық денсаулық сақтау саласынының мамандары өз істеріне сергек екенін аңғартуда. Түрлі инфекциялық аурулардың алдын алу шараларында белсенділік танытып жүр. Жақында аудан дәрігерлері күзгі тұмау, жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және коронавирус  инфекциясы (COVID-19) бойынша 2024-2025 жылдардың эпидемиялық маусымына арналған санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы министрліктің 2024 жылғы 16 тамыздағы №7 қаулысына сәйкес алдын алу шараларын ұйымдастырды.

Атап айтқанда ауданның эпидемиолог дәрігері А.Тулегенов баяндама жасап, әсіресе білім беру ұйымдарында еңбек ететін медицина қызметкерлеріне кеңес берді.                                                                                                                                                                         –2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ -47 бұйрығы  бойынша «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды» негізге ала отырып, санитариялық қағидаларын бекіту туралы мектеп медбикелері арасында семинар ұйымдастырып өткіздік, — эпидемиолог дәрігер А. Тулегенов.

Бұл семинардың маңыздылығы мен өзектілігі жоғары. Ал оның, әсіресе, мектеп медбикелері арасында ұйымдастырылуы өте орынды. Себебі, дәрегер мамандардың айтуынша тұмау, ЖРВИ және COVID-19 сияқты жұқпалы аурулар оқу маусымы кезінде балалар мен қызметкерлер арасында таралу қаупін тудырады. Медбикелердің бұл аурулардың алдын алу шараларын білулері маңызды.

Санитариялық қағидаларды түсіндіруде дәрігерлер 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығының талаптары медбикелерге санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулықтарын басшылыққа алуда.

Дұрыс әрекет ету жолдары: Жұқпалы аурулар анықталған жағдайда дұрыс әрекет ету және оларды таралуына жол бермеу үшін медбикелердің білімін арттыру қажет.

ЖРВИ, тұмау және COVID-19 алдын алу шаралары: Вакцинация, жеке гигиена, дезинфекциялау, ауруларды ерте анықтау, Симптомдарды уақытында анықтап, қажетті шараларды қабылдау турасында түсіндірме жұмыстары медбикелерге үлкен көмекші болары сөзсіз.

Мектептегі санитариялық жағдайды сақтау, сынып бөлмелерін желдету, дезинфекциялау, маскалық режимді сақтау қағидаларын оқушылар мен мұғалімдерге ұдайы ескертіп тұру қажет.

Құдай бетін аулақ қылсын, дегенмен жұқпалы ауру тарала қалған жағдайда аурудың таралуы кезінде қандай қадамдар жасалатынын анықтау үшін де осындай семинарлар көп көмегін тигізеді. «Медбикелердің осындай семинарларға қатысуы оқушылардың денсаулығын қорғау және жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін өте маңызды» дейді мамандар.

Себебі, «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының талаптарын жүзеге асыруда әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді медициналық қызмет ұсыну бүгінгі күннің басты талабы болуда. Ал бұл турасында ауылдық жерде тұрғындар арасында денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктері жайлы ақпараттық кеңестер беру маңызды рөл атқарады.